Назым кондитерлік өнімдерді дайындайды, ал күйеуі тауарларды сатумен айналысады. Барлығы екі жыл бұрын, "Бизнес бастау" бағдарламасы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі грантқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өз үйінен кондитерлік цех ашудан басталған.– Өз ісімді бастамас бұрын, мен кәсіпкерліктің қыр-сырын оқып білуді ұйғардым. Мен, тіпті грантқа ие болмасам да, өзім үшін жаңа бір дүниені үйренемін деп ойладым. Өз кәсібін дөңгелетіп отырған басқа көп балалы аналарға қарадым да: "олардың қолынан келген іс, менің де қолымнан келеді?" -деп шештім. Осылайша іске кірістім. Күйеуім маған үлкен қолдау білдірді, тауарларды сатумен айналысу үшін жұмысынан кетті. Тұрақты сатып алушыларымыздың пайда болуы, көңілмізге сенімділік ұялатты. Мен одан әрі дамығым келеді. Жұмысым өзіме ұнайды, даму үшін…