ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз.

Қайырлы күн, құрметті достар!

Сіздерді облысымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мукаев Мұрат Рахметұлы.

1969 жылы 19 ақпанда БҚО, Қазталов ауданында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Каспий қоғамдық университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілін Фурманов ауданының салық инспекциясынан есеп инспекторы болып бастаған. Кейіннен екінші деңгейлі банкттерде түрлі қызметте болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде инспекторден бастап, басшының орынбасары болды. Содан кейін:

- Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі (28.06.2013-05.2016);

- Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі (05.2016-06.2017);

- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімі (28.06.2017 ж. – 14.08.2019ж) қызметтерін атқарған.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Алғыс хаты (2021) мен Құрмет орденінің иегері (2020).

Мұрат Мукаев - облыстық мәслихаттың Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болғандықтан, осы сұрақтарға қатысты мәселелерге жетекшілік етеді.

Мұрат Рахметұлы бүгінде еліміздің және облысымыздың қоғамдық-саяси, мəдени-рухани өмірінде ерекше белсенді. Жетекші әрі ұйымдастырушы ретінде «Nur Otan» партиясының облыстық филиалын дамудың жаңа деңгейіне шығара алды. Бүгінде облыс тұрғындары партияға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, міндетті түрде қолдау көрсетілетініне нық сеніммен келеді, ал аппарат қызметкерлері де, партиямыздың депутаттары да халықтың сенімін ақтап, олардың мәселелерін шешуге барынша ықпал етуде.

Барлық облысымыздың партия филиалдарының қызметкерлерінің атынан Мұрат Рахметұлын бүгінгі келіп жеткен туған күнімен құттықтаймыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз.

Еңбегіңіз әрқашан лайықты бағалансын!