ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көп балалы ананың мәселесі шешілді.

2021 жылдың 05 ақпан күні Сырым ауданы, Жымпиты ауылы ауылының тұрғыны көп балалы отбасы Марксова Жадра Таупихқызы «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты А.Ниязғалиеваның қабылдауында онлайн түрде жолығып, 2015 жылы туылған ұлы Албиев Адылханды логопед маманына қарату үшін жолдама алуға көмек сұрап, өз өтінішін білдірген болатын.

Өз тарапынан мәслихат депутаты қабылдау барысында облыстағы аймақтық Психологиялық – педагогикалық – медициналық кеңес беру мекемесінің мамандарымен телефон арқылы хабарласты. Баланың жағдайын айтып, 2021 жылдың 09 ақпан күнге түркеуге қойып, онлайн тексерістен өтетінін жеткізді.

Нәтижесінде көп балалы отбасы Марксова Жадраның ұлы Адылхан 09 ақпан күні облыстағы ПМПК мекемесінен онлайн тексерітен өтіп, арнайы мамандармен жұмыстануға қорытынды алды. 2021 жылдың 15 ақпанынан бастап аудандық БҚО әкімдігі Білім басқармасы Сырым ауданының «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетіне» тіркеліп, арнайы көмек алып бастады. Баланың анасы мәслихат депутаты А.Ниязғалиеваға отбасының атынан өз ризашылығын білдірді.