Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің депутаттар» айдарында Мейіржан Хаби туралы әнгіме қозғалады.

«Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерде жарияналатын «Біздің депутаттар» айдарында Мейіржан Хаби туралы әнгіме қозғалады.

Мейіржан Халиханұлы Хаби 1972 жылғы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, «Зооинженер» және «Электр энергетикасы» қос мамандық иеленген.

Еңбек жолын 1988 жылы Я.Свердлов атындағы кеңшарда (қазіргі Жақсыбай ауылы) жұмысшы болып бастап, осы қызметте 1990 жылға дейін жұмыс атқарған.

1990-1992 жылдары – Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп, 1992-1997 жылдар аралығында – Батыс Қазақстан аграрлық техникалық унивеситетінде күндізгі бөлімінде білім алған.

1997-2010 жылдары – «Орал Энерго» АҚ (кейін бұл ұйымның атауы «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ болып өзгерген) Жәнібек аудандық электр торабының электромонтері, Жақсыбай учаскесінің шебері, бас инженер қызметтерін атқарған;

2010 жылдан бастап осы уақытақа дейін – «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ Жәнібек аудандық электр торабының бастығы лауазымында жұмыс жасауда.

V,VІ және VII шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Жәнібек аудандық мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау және қоғамдық тәртіп сақтау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Отбасылы. Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

0
0
180

Осы тақырып бойынша

«Біздің депутаттар» айдарында Мейіржан Хаби туралы әнгіме қозғалады. - Yvision.kz