Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздікке 30 жыл: Семейдегі көп балалы ананың бизнесі

Назым кондитерлік өнімдерді дайындайды, ал күйеуі тауарларды сатумен айналысады. Барлығы екі жыл бұрын, "Бизнес бастау" бағдарламасы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі грантқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өз үйінен кондитерлік цех ашудан басталған.

– Өз ісімді бастамас бұрын, мен кәсіпкерліктің қыр-сырын оқып білуді ұйғардым. Мен, тіпті грантқа ие болмасам да, өзім үшін жаңа бір дүниені үйренемін деп ойладым. Өз кәсібін дөңгелетіп отырған басқа көп балалы аналарға қарадым да: "олардың қолынан келген іс, менің де қолымнан келеді?" -деп шештім. Осылайша іске кірістім. Күйеуім маған үлкен қолдау білдірді, тауарларды сатумен айналысу үшін жұмысынан кетті. Тұрақты сатып алушыларымыздың пайда болуы, көңілмізге сенімділік ұялатты. Мен одан әрі дамығым келеді. Жұмысым өзіме ұнайды, даму үшін жоспарларымыз да бар. Маған адамдардың үйде отырып алып, ақша жетіспейтіндігіне шағымданатындары ұнамайды. Мен оларды түсінбеймін. Барлығы біздің өз қолымызда, тек жұмыс істеу керек, - дейді Назым Мымбетова.

Көп балалы кәсіпкердің болашаққа үлкен жоспарлары бар. Енді Назым өз бизнесін одан әрі дамыту үшін бес миллион теңге көлеміндегі грантқа үміткер болуды жоспарлап отыр. Жаңа бизнесвумен үй бизнесімен танысып, басқа көп балалы отбасыларға бастысы – ниет болса өз ісін ашу қиын емес екенін көрсету үшін Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы филиалының төрайымы Шолпан Чегедековамен кездесті.

- Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанда үйден шықпай-ақ өз бизнесін қалай ашуға болатынын көрнекі мысалмен көрсеткіміз келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде кәсіпкер әйелдер өте аз болды, олар өз кәсібін ашуға қорықты, өздерін үй шаруашылығында көбірек көрді. Бірақ қазір олай емес. Біздің әйелдер бүгінде кәсіпкерлікте өте белсенді, қаланың және облыстың ірі кәсіпорындарында жұмыс істейді. Егер басында кәсіпкер әйелдер 10-15% болса, қазір олардың саны 25-30% – ға артты, уақыт өте келе бұл сан тек арта түсетініне сенімдімін, – дейді Шолпан Чегедекова.

Қазіргі уақытта елімізде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар аз емес, олардың ішінде "Бизнестің жол картасы 2025", "Еңбек", "Экономикалық сауаттылық" және көптеген басқа да бағдарламалар бар. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін "Даму" қоры арқылы несие алу және арнайы оқудан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Источник: Информационный центр города Семей

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздікке 30 жыл: Семейдегі көп балалы ананың бизнесі - Yvision.kz