Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Nur Otan Алматыда сайлауалды уәделердің орындалуын бақылайтын болады

Бүгін Алматы қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшелері «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын бекітті. Бюро отырысында партия филиалы мен депутаттық фракция мүшелеріне ай сайын нысандарға барып, Жол картасының жүзеге асырылу барысын бақылау тапсырылды. Nur Otan депутаттары аталған іс-шаралардың қорытындысы бойынша әрбір нысан туралы толық ақпарат ұсынуы қажет. Осылайша, депутаттардың жұмысы ашық әрі айқын болады. Депутаттық фракция мүшелері мен жауапты мемлекеттік органдар әр алматылық орындалған істердің нәтижесімен танысып, оларды бағалау үшін сайлауалды тұғырнаманың әрбір бекітілген бағыты бойынша тоқсан сайын есеп беретін болады. «Бізді мегаполистің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыру бағытындағы…

0
0
189

«Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалында жеке азаматтарды қабылдауы

Қабылдау барысында, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және көмекке зәру жандардың сұрақтары мен өзекті мәселелері тыңдалып, тұрғындардың өтініштері тіркелді.Тұрғындардың сұрақтары бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргіздім.

1
0
185

Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі қабылдау өткізді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ғ. Сарыбаев аудандық партия филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар көбіне әлеуметтік мәселені көтерді. Атап айтсақ, елді мекендердің инфрақұрылымына, денсаулық саласына және өздерін толғандырып жүрген жеке сұрақтарын қойды. Аудандық партия филиалының төрағасы әрбір өтініш иесін тыңдап, нақты жауаптар қайтарды. Кейбір сұрақтар бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Әр өтініштің оңтайлы шешілуіне уақыт беріп, өз бақылауына алды. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғ.Сарыбаевқа алғыстарын білдірді.

0
0
175

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Батпақкөл ауылдық округінде 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған іс шаралар туралы Батпақкөл ауылдық округі әкімі м.у.а Алмагүл Өтепбергенованың баяндамасы тыңдалып алдағы уақытта жастар және тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізу туралы тапсырма берілді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.

0
0
179

Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы

Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы

🔹

Дорожная карта по исполнению предвыборной программы партии Nur Otan по городу Алматы

#NurOtan #Almaty

0
0
161

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Аудандық орталық модельді кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты дәстүрден тыс кітап-көрме ұйымдастырды.

      Бұл көрменің бөлімдері жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңінен бастап, бүгінгі кезеңді қамтиды. Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығынан бастау алып, одан әрі тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі Қазақстанның дамуы айқын көрсетілген.

       Жыл бойына ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылатын көрме елдің тарихи шежіресін баяндайды.

0
0
285

Қоғамдық қабылдау

Партияның Павлодар қаласындағы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне жұмыс жөнінде хабарласқан церебральды сал ауруымен ауыратын тұрғын Салтанат Мендыбаеваның жұмысқа орналасуына көмектесті.Қоғамдық қабылдауға көмек сұрап қыздың анасы Зәуреш Жакупова хабарласқан.Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынованың онлайн қабылдауынан кейін қыз Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасты.Железин ауданындағы Береговое ауылының тұрғындары партия мүшелеріне қарды тазалау туралы өтініш айтқан, себебі биыл бұл аймақта жауған қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтірген.Аудандық мәслихат депутаты А.Теміршотов осы мәселені өз бақылауына алды. Партияда атап өткендей, бұл мәселе үнемі бақы…

0
0
298

Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні

Иә, ХХ ғасырдың алғашқы жылдары ел есінде қаларлық оқиғалармен есте қалғаны рас. Патшалықтың отарлау саясаты, жерді мұжықтарға беруі, қазақты ұлтшылдығынан айырып, салт-дәстүрін, діні мен ділін жоюға бағытталған неше түрлі құйтырқы саясаттың орын алғанын аңғарамыз.Алайда, бұл мақалада тек бір тараптың ғана емес, екінші тараптың да кемшіліктері тайға таңба басқандай айтылады. Қазақтың білім-ғылымға талпынбауын, хандары мен халқының надандығын Ахаң осы мақаласында ашып көрсетті. «Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқ…

0
0
378

"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан?

«Айқап» баспасөз тарихында ең алғашқы журнал ретінде ел есінде қалса, «Қазақ» газетінің де атап айтарлық ерекшеліктері мен ұлт келешегі үшін жасаған тындырымды істері көп-ақ. Екі басылымда көтерілген сол кезеңнің мәселелері әлі де өзектілігін жоймай, қызығушылық танытқан оқырманның әлі де есінде десек қателескеніміз болмас. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералин, Ғұмар Қараш, Сәбит Дөнентайұлы, Мұстафа Шоқай сынды ұлт зиялыларының да аталмыш басылымда біршама еңбектері жарық көріп отырғаны белгілі. Алайда, екі басылымның арасында біршама келіспеушіліктер болып, күрмеуі шешілмей келе жатқан даулы мәселелерді көтергенін біле жүргеніміз абзал. Қоғамдық резонанс тудыратын бірқатар шешімдер мен ұсыныстар екі басылым арасында екі түрлі көзқарас тудырып, халық арасында маңызды…

0
0
324