ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі қабылдау өткізді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ғ. Сарыбаев аудандық партия филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар көбіне әлеуметтік мәселені көтерді. Атап айтсақ, елді мекендердің инфрақұрылымына, денсаулық саласына және өздерін толғандырып жүрген жеке сұрақтарын қойды. Аудандық партия филиалының төрағасы әрбір өтініш иесін тыңдап, нақты жауаптар қайтарды. Кейбір сұрақтар бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Әр өтініштің оңтайлы шешілуіне уақыт беріп, өз бақылауына алды. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғ.Сарыбаевқа алғыстарын білдірді.