Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының сыбайлас


жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Батпақкөл ауылдық округінде 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған іс шаралар туралы Батпақкөл ауылдық округі әкімі м.у.а Алмагүл Өтепбергенованың баяндамасы тыңдалып алдағы уақытта жастар және тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізу туралы тапсырма берілді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.
