ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау

Партияның Павлодар қаласындағы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне жұмыс жөнінде хабарласқан церебральды сал ауруымен ауыратын тұрғын Салтанат Мендыбаеваның жұмысқа орналасуына көмектесті.

Қоғамдық қабылдауға көмек сұрап қыздың анасы Зәуреш Жакупова хабарласқан.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынованың онлайн қабылдауынан кейін қыз Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасты.

Железин ауданындағы Береговое ауылының тұрғындары партия мүшелеріне қарды тазалау туралы өтініш айтқан, себебі биыл бұл аймақта жауған қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтірген.

Аудандық мәслихат депутаты А.Теміршотов осы мәселені өз бақылауына алды. Партияда атап өткендей, бұл мәселе үнемі бақылауға алынып, ауа-райының нашарлауына байланысты тұрақты түрде шешіліп отыратын болады.

Партия мүшелері қиын жағдайға тап болған тағы бір отбасына көмір, азық-түлік және балаларға қажетті заттар сатып алуға көмектесті. Көмек сұрап жүгінгендердің бірі – Әсима Ерәлиева. Оның күйеуі былтыр көлік апатына ұшырап, III топтағы мүгедек болып қалған. Денсаулығына байланысты уақытша жұмыс істей алмайды. Отбасында кәмелетке толмаған екі бала бар, кішісі осы жылдың қаңтар айында туған. Партияның Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында отбасына материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру үшін жедел ден қою тобын жіберді. Нәтижесінде партия мүшелері осы отбасыға 2 тонна көмір, сонымен қатар азық-түлік пен балаларға қажетті заттар әкелді. Қазіргі уақытта отбасы Аналар кеңесінің бақылауында.

Нұротандықтар аймақтағы тағы бір тұрғынның мәселесін шешуге көмектесті. Лариса Данильченко Тереңқұдық аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне ұлының облыстық балалар ауруханасында медициналық тексеруден өтуге Павлодарға баруға көмек сұрап жүгінді. Ол сондай-ақ көмір түрінде материалдық көмек сұрады.

Партиялық топтың төрайымы Гүлнара Ахметжанова өтінішке назар аударып, осы сапарды ұйымдастырып берді. Сонымен қатар, партия белсенділері отбасыға көмір алып берді.

Nur Otan Павлодар облысы

#NurOtan