Аудандық орталық модельді кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты дәстүрден тыс кітап-көрме ұйымдастырды.
Бұл көрменің бөлімдері жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңінен бастап, бүгінгі кезеңді қамтиды. Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығынан бастау алып, одан әрі тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі Қазақстанның дамуы айқын көрсетілген.
Жыл бойына ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылатын көрме елдің тарихи шежіресін баяндайды.