Әйел теңдігін ұран еткен қазақ газеті
ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ көтеріліп келген бұл мәселе кейбір мемлекеттерде әлі күнге дейін шешімін таба алмай жатқаны өкінішті. Әйел теңдігі жайында алғаш рет пікірін ортаға салып, маңыздылығын ескерген Алаш азаматтары еді. Тіпті, сол кезеңнің өзінде-ақ әйел теңдігін насихаттайтын басылымдардың пайда болуы қазақ арасында әйелге деген көзқарастың қалыптасқанын байқатады. Солардың ішінде барлық әйелдерге арнап басылып шығарылған - «Жетісу әйелі» журналы. «Жетісу әйелі» журналының шығу мерзімі жайлы деректер әртүрлі. Жазушы Л. Ахметованың «Қарлығаш қаламдастар» кітабында 1923 жылдың қаңтарында шыққан деген деректер келтірілген. Сондай-ақ Қ. Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» кітабында журналдың нақты шығу мерзімі 1923 жылы, 23 қаңтар деген дерек кездеседі. Аталмыш журналдың редактор…
