Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Азық-түлік табысталды

Ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық қағидаттары әлемді шарпыған аты жаман індетпен күрес, аурудың алдын алу кезеңінде жарқын көрініс тапты. Туған жеріне жанашыр, жаны жомарт жандар көмекке мұқтаж адамдарға әлі де қол ұшын беріп келеді. Көмектер қаржылай және азық-түліктей көрсетіліп, атымтай азаматтар елдің алғысын алуда.

Азық-түлік салынған қораптарды депутат өз қолымен апарып беріп, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.

0
0
192

Қазақстанның танымал спортшылары

Серіков Қолқанат Тұрарбекұлы 1994 жылы 7 тамызда Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Жаңақала жалпы орта білім беретін қазақ мектебін тәмамдап, 2012 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын бітіріп, 2016 жылы «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне» алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Жаңақала ауданында балалар жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық ат спорты үйірмесінің жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда Жаңақала жастар спорт клубының нұсқаушы қызметін атқаруда.Жеткен жетістіктері2017 жыл «Ақ бидай» облыстық Vl ауыл ойындарында аударыспақтан, 1 орын.2017 жыл Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық ат спорты түрлерінен ашық облыстық ту…

1
0
432

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, бар саналы ғұмырын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнаған аға буын әріптестеріміз,өзіме мектепте білім мен тәрбие берген ұлағатты ардагер ұстаздарымыз Сүлеймен Гүлбаршын Сабырқызын, Шатанова Мастура Зинел Ғабиденқызын, Төлегенов Амантай Сатанұлын Наурыз мерекесімен құттықтадық.«Мойындағы борышты білу — білімнің ісі, борышты төлеу — адамшылық ісі», —деген Ахмет Байтұрсынов. Ұстаз өнегесі әрбір мектеп бітіруші түлектің өміріне жол сілтер шамшырағы секілді болады. Мектеп қабырғасында тәрбие мен білімді қатар берген ұстаздарымның еңбек жолы мені де мұғалім болуға жетеледі. Ұлағатты ұстаздарымыз, аяулы ана, әже, сүйікті жар болып отырған, жастардың жанына нұр құя білген майталман маманның ғибратты ғұмыры кейінгі буын өкілдеріне үлкен өнег…

0
0
183

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі құтты болсын !

Сіздерді көктемнің мерейлі мерекесі, ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Наурыз күн мен түннің теңелетін, халқымыздың жыл санауы өзгеретін мейрам. Қазақтың жаңа жылы десек артық айтпағандық болар еді. Өткен жыл жаханды жайлаған індеттің белең алуымен есте қалды. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік ахуалы өзгеріске ұшырап, жахандық дағдарыс орын алды. Әйтсе де Президентіміз экономикамыздың артуы мен халқымыздың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру мақсатында дер кезінде ұтымды шешімдер қабылдай білді. Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы да партияластарға тиісті міндеттер жүктеді. Бірлескен жұмыстар мен халқымыздың түсіністігінің арқасында бұл қиындықты да еңсердік. Сонымен қатар партияластарымыздың да саны артып, қатарымыз толықты. Өткен ж…

0
0
498

Канвассинг форматында кездесу өтті

20 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Рауан Есенғалиев канвассинг форматында еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиевтің шаңырағында болды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде Рауан Есенғалиев, еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиұлын Наурыз меркесімен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде партияның облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың да құттықтауын жеткізді. Еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиұлы партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
177

ҚҰРМЕТТІ ПАРТИЯЛАСТАР! 14 наурыз "Көрісу күні" құтты болсын !

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаңдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көршілер бір-бірін шеке асына шақырьш, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні…

Қоғамдық қабылдау

17 наурыз күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты Қуаныш Ермеков қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда Қараоба ауылдық округінің тұрғыны, аз қамтылған отбасының отанасы Ақмарал Малаева депутаттан мал азығы мәселесі бойынша көмек сұрады. Халық қалаулысы азаматшаның өтінішін қанағаттандырып, 20000 тг көлемінде жем алуға қаржылай көмек берді.

0
0
141

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, наурыз көже таратты. Тұрғындар мерекемен құттықтаған нұротандықтарға ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыстарын айтты.#ардагерлердіардақтайықжобасы#наурыз

0
0
140

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында канвассинг өтті. Қашанда халық өткенге салауат айтып, болашаққа аманат жүгін қалдырған халықпыз. Қазақ елінің тарихында жұртшылық асылдарын ардақтап, ұлыларын ұлықтай білген. Ел мүддесі үшін тынымсыз еңбек етіп, мақсатқа жету жолында бойындағы бар күш —жігерін, қайратын жұмсаған ел азаматтарын ұмытпауға тиіспіз. Науырыз мерекесі қарсаңында өзімнің шәкіртім, облыстық маслихат депутаты Сабира Өмірғалиқызымен бірге ауылымыздың құрметті азаматы, тыл ардагері, барлық саналы ғұмырын елінің жарқын келешегіне арнап, өрнекті тіршілігімен, қажырлы қайратымен елге сыйлы болып отырған Наурзалиев Сәрсенғали атамыз бен Алима анамызды құттықтадық. Сәрсенғали атамыз 91 жаста. Әлі ширақ, өткен өмірінен біраз естеліктер айтып, қуанып қалды. Елдің тыныш бол…

0
0
193