ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Қазақстанның танымал спортшылары

Серіков Қолқанат Тұрарбекұлы 1994 жылы 7 тамызда Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Жаңақала жалпы орта білім беретін қазақ мектебін тәмамдап, 2012 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын бітіріп, 2016 жылы «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне» алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Жаңақала ауданында балалар жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық ат спорты үйірмесінің жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда Жаңақала жастар спорт клубының нұсқаушы қызметін атқаруда.

Жеткен жетістіктері

2017 жыл «Ақ бидай» облыстық Vl ауыл ойындарында аударыспақтан, 1 орын.

2017 жыл Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық ат спорты түрлерінен ашық облыстық турнирде аударыспақтан 1 орын.

2018 жыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударыспақтан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында 1 орын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыру және Шыңғырлау ауданының 90-жылдық мерей тойы аясында аударыспақтан Батыс Қазақстан облысының турнирінде 2 орын.

2016 жыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлерінен жастар арасында аударыспақтан ашық қала біріншілігінде 3 орын.

Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық ат спорты түрлерінен ашық облыстық турнирде көкпардан 3 орын.

2016 жыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі және ашық қала турнирінде аударыспақ чемпионатында 2 орын.

2021 жыл Батыс Қазақстан облысының ересектер арасындағы чемпионатында 1 орын.

#Қазақстанныңтанымалспортшылары #ЗнаменитыеспортсменыКазахстана