Канвассинг форматында кездесу өтті
20 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Рауан Есенғалиев канвассинг форматында еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиевтің шаңырағында болды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде Рауан Есенғалиев, еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиұлын Наурыз меркесімен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде партияның облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың да құттықтауын жеткізді. Еңбек ардагері Сарсенғали Бисенғалиұлы партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
