«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында канвассинг өтті. Қашанда халық өткенге салауат айтып, болашаққа аманат жүгін қалдырған халықпыз. Қазақ елінің тарихында жұртшылық асылдарын ардақтап, ұлыларын ұлықтай білген. Ел мүддесі үшін тынымсыз еңбек етіп, мақсатқа жету жолында бойындағы бар күш —жігерін, қайратын жұмсаған ел азаматтарын ұмытпауға тиіспіз. Науырыз мерекесі қарсаңында өзімнің шәкіртім, облыстық маслихат депутаты Сабира Өмірғалиқызымен бірге ауылымыздың құрметті азаматы, тыл ардагері, барлық саналы ғұмырын елінің жарқын келешегіне арнап, өрнекті тіршілігімен, қажырлы қайратымен елге сыйлы болып отырған Наурзалиев Сәрсенғали атамыз бен Алима анамызды құттықтадық. Сәрсенғали атамыз 91 жаста. Әлі ширақ, өткен өмірінен біраз естеліктер айтып, қуанып қалды. Елдің тыныш болуын, береке бірлікте, өсіп— өнуіне, дамуына, бақуатты өмір сүруне тілек білдіріп, ақ батасын берді. Қариаларымыз — қазынамыз, аман болыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайындар.