ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі құтты болсын !

Сіздерді көктемнің мерейлі мерекесі, ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз күн мен түннің теңелетін, халқымыздың жыл санауы өзгеретін мейрам. Қазақтың жаңа жылы десек артық айтпағандық болар еді. Өткен жыл жаханды жайлаған індеттің белең алуымен есте қалды. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік ахуалы өзгеріске ұшырап, жахандық дағдарыс орын алды. Әйтсе де Президентіміз экономикамыздың артуы мен халқымыздың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру мақсатында дер кезінде ұтымды шешімдер қабылдай білді. Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы да партияластарға тиісті міндеттер жүктеді. Бірлескен жұмыстар мен халқымыздың түсіністігінің арқасында бұл қиындықты да еңсердік. Сонымен қатар партияластарымыздың да саны артып, қатарымыз толықты. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп!

Құрметті партияластар!

Еліміздің дамуында партиямыздың алар орны ерекше. Бұған 2021 жылы 10 қаңтарда өткен ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауындағы жеңісіміз дәлел бола алады. Бұл халықтың бізге деген сенімінің мол екендігінің дәлелі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен және келер жылмен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Халық сенімін ақтап, еліміздің дамуына бірлесе үлес қосайық.

Мереке құтты болсын!

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы