Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, бар саналы ғұмырын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнаған аға буын әріптестеріміз,өзіме мектепте білім мен тәрбие берген ұлағатты ардагер ұстаздарымыз Сүлеймен Гүлбаршын Сабырқызын, Шатанова Мастура Зинел Ғабиденқызын, Төлегенов Амантай Сатанұлын Наурыз мерекесімен құттықтадық.«Мойындағы борышты білу — білімнің ісі, борышты төлеу — адамшылық ісі», —деген Ахмет Байтұрсынов. Ұстаз өнегесі әрбір мектеп бітіруші түлектің өміріне жол сілтер шамшырағы секілді болады. Мектеп қабырғасында тәрбие мен білімді қатар берген ұстаздарымның еңбек жолы мені де мұғалім болуға жетеледі. Ұлағатты ұстаздарымыз, аяулы ана, әже, сүйікті жар болып отырған, жастардың жанына нұр құя білген майталман маманның ғибратты ғұмыры кейінгі буын өкілдеріне үлкен өнеге. Мерекелеріңізбен, ардақты ардагерлеріміз. Аман болыңыздар!!!

0
0
177

Осы тақырып бойынша

«Ардагерлерді ардақтайық» - Yvision.kz