Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Ардагермен өткен кездесу

Қарасай аудандық мәслихат депутаты Айжан Балажанова, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділерімен бірлесе Қаскелең қаласының тұрғыны, тыл ардагері Лидия Болгерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#қарасайжастары

0
0
163

7 - мамыр "Отан қорғаушылар" күні құтты болсын!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

0
0
269

«Nur Otan» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне арнап «Nur Otan» партиясы атынан ауданымызда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Этманов Александр Романовичке құттықтау ашықхаты және азық-түлік себеті жеткізілді.

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жеңіс күнінің маңыздылығы туралы «9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн», – деген, сондықтан да аталарымыз жасаған ерлікке әрқашанда тағзым етеміз.

0
0
177

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, ж…

0
0
738

Дүкендердегі күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар бағасына сараптама жасады..

Бүгін "Nur otan" партиясының Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Джунусова Роза Сүлейменқызы Қаратұма, Көлденең, Көкөзек ауылдық округтеріне арнайы барып, дүкендердегі күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар бағасына сараптама жасап, дүкен иелерімен бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді..

2
0
222

«Ардагерім – ардағым» акциясы өтті

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы, «Жандосов» БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерім – ардағым» акциясы өтті. Акцияның мақсаты Ұлы Отан соғыс ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері, жалғыз басты қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне көмек көрсету. Медицина қызметкерлері қарттарға медициналық қызмет көрсетті. Ардагерлерге қол ұшын берген медицина қызметкерлері мен жастар алғыс алып қайтты. #ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#ардагерлергеарналғанескерткішалаңы

0
0
336

Абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы, «Жандосов» БПҰ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жандосов елді мекенінде орналасқан Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңына гүл отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 200 түп ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#ардагерлергеарналғанескерткішалаңы

0
0
196

Тура жүру-ақиқаттың сенімді жолы

Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі тиіс, бала тәрбиесі қашанда маңызды іс өйткені, кез келген балаға дұрыс тәрбие беру арқылы оны өз отанын сүюге еліне адал қызмет атқаруға баулыймыз.Ұлы педагок К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген, ешқандай жарғыда бағдарлама да оның орнын баса алмайды»- деген. Жас кезінен жағымпаздыққа , қулық-сұмдыққа тәрбиелеген баладан отанын, елін сүйеті…

0
0
180

Жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық әлеумет-тік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Бұл қауіпті індеттің мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі. Біздің елімізде де мемлекетік саясатының негізгі басымдылықтары…

0
0
262