«Nur Otan» партиясы алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізді
«Nur Otan» партиясы алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізді.«Nur Otan» «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша 217 жол картасын іске асыруға жүйелі бақылауды жолға қойған. Осылайша, 5 ай ішінде 362 республикалық іс-шараның 7%-і орындалды, ал өңірлік 2,3 мың іс-шараның 5%-і атқарылды.«Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» депутаттары жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу және ортақ мұрат-мақсаттарға адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әрбір өңірде, қала мен ауданда сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жұмысқа «Nur Otan»-ның әр түрлі деңгейдегі 2,7 мыңнан астам депутаты жеке жауап береді.Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асат…
