Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізді

«Nur Otan» партиясы алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізді.

«Nur Otan» «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша 217 жол картасын іске асыруға жүйелі бақылауды жолға қойған. Осылайша, 5 ай ішінде 362 республикалық іс-шараның 7%-і орындалды, ал өңірлік 2,3 мың іс-шараның 5%-і атқарылды.

«Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» депутаттары жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу және ортақ мұрат-мақсаттарға адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әрбір өңірде, қала мен ауданда сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жұмысқа «Nur Otan»-ның әр түрлі деңгейдегі 2,7 мыңнан астам депутаты жеке жауап береді.

Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес партия жанынан депутаттардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, сарапшылар мен журналистердің қатысуымен 1,7 мың салалық қоғамдық кеңес құрылды.», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Б.Байбек бүгінде халық қалаулыларына қоғам тарапынан қойылып отырған талап-тілекке ерекше тоқталды.

«Елбасы атап өткендей, бүгінде қоғам, әсіресе жергілікті жерлерде депутаттардың ашықтық, тиімділік және жауапкершілік деңгейіне ерекше талаптар қойып отыр. Осыны ескере отырып, «Nur Otan» алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізіп отыр. Партияның Саяси кеңесі Бюросының биылғы 2 маусымдағы қаулысымен Депутаттар қызметінің рейтингін қалыптастыру ережесі бекітілді», - деді @baibekbk.

Оның айтуынша, аталған ережені әзірлеу аясында халықаралық тәжірибе мен депутаттарды бағалаудың қолданыстағы тәжірибесін зерделеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған.

Ереже үш блокқа біріктірілген 15 критерийді қамтиды: қоғамдық-саяси қызмет, медиа белсенділік, сондай-ақ партиялық жауапкершілік.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап азаматтар үшін жергілікті депутаттардың қызметі, бастамалары мен сауалдары туралы ақпаратқа ашық қолжетімді, сондай-ақ, партиядан сайланған халық қалаулыларына өзекті мәселелер бойынша тікелей жүгіну мүмкіндігі қамтылған арнайы интернет-платформа іске қосылады.

@nur_otan

0
0
200

Осы тақырып бойынша