«Жастар-Отанға!» бағдарламасы – жастардың айқын бастамасы
«Жастар-Отанға!» бағдарламасы – жастардың айқын бастамасыБүгін аймақ басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюро отырысында «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейін «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасы» бекітілді. Өңір басшысының айтуынша, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленген. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін дер кезінде шешу мен қолдаудың маңыздылығын атап, оларға әрдайым ерекше көңіл бөлініп келе жатырғандығын айтқан партия филиалының төрағасы, осы тұрғыд…






