Nur Otan» партиясында әйелдер мен балалардың мәселесі талқыланды
Отырыстың күн тәртібінде «Бақытты отбасы» Республикалық Жол картасының 13-тармағына сәйкес Өмірлік қиын жаңдайға тап болған отбасылары мен олардағы балаларды анықтау, сондай-ақ қабылданған нақты шаралар бойынша жедел алдын алу топтарының атқарған жұмысы бойынша есебі және Республикалық Жол картасының 17-тармағының, өңірлерде отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалы әйелдерге уақытша тұру орталықтарын ашу жөніндегі партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар кеңес мүшелері жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесіде сөз болды. Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері мен қатысушылары жиынның күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты кеңестің жұмыс жоспарына бірнеше ұсыныс еңгізді. - жедел топтардың жұмысы шеңберінде партияның облыстық филиалы қызметкерлерінің және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтер ұйымдастыру, - Өскемен қаласының ойын алаңдарында бұқаралық спортты насихаттау жобасы туралы ақпаратты тарату, осылайша балалардың жазғы бос уақытын пайдалы өткізуге ықпал ету,
