Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлының құтықтауы.

Құрметті достар! Мемлекеттік қызметшілер!Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын.Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат.Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусым…

0
0
220

Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдау барысында келген көпбалалы ана тұрғын үй мәселесімен жолықты. Азаматша тұрғын үй кезегіне орналасқан, бірақта кезегі келмеген. Қазіргі уақытта азаматша отбасымен жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Тұрғын облыстық маслихат депутатынан уақытылы тұруға арналған пәтер қарастыруға көмек сұрады. Сонымен қатар, жолдасының жұмысқа орналасуына жәрдемдесуін сұрады. Мұрат Рахметұлы жұмыспен қамту бөліміне жолдама жіберіп, мәселені бақылауға алатын ұстайтынын мәлімдеді. Көпбалалы ананың барлық байланыс деректері жазылы…

0
0
427

Депутатар ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Ермекқалиев Орынғалидың шаңырағында болды

Бүгін аудандық мәслихат депутаттары К.Суйеугалиев, Н.Мендешовтер «Nur Otan» партиясының Канвассинг шарасы негізінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Ермекқалиев Орынғалидың шаңырағында болды.

Кездесу барысында халық қалаулылары мемлекеттік қызмет саласының ардагері Орынғали Бәкесұлын айтулы мерекемен құттықтап, Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы мен бірлесіп атқарған жұмыстары мен сайлауалды бағдарламасы бойынша аудандағы жұмыстарға тоқталып өтті.

0
0
169

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 30 кітап сыйға» акциясы

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы датаға байланысты «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 30 кітап сыйға» акциясы өтіп жатыр. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға аудандық орталық модельді кітапханасының қосар үлесі зор. Сол себепті жаңа кітаптар көбірек болсын деп тұрақты оқырман, кентіміздің белсенді азаматы, аудан депутаты Амантай Нұртайұлы Ақышев оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына жол ашты. Сыйланған кітаптардың арасында – орыс және шетел шығармаларының классикалары, заманауи детективтер, мемуарлар, ақындық жинақтар. Кітапхана ұжымы мен белсенді оқырмандар сыйланған кітаптар кітапхана сөрелерін толтырып қана қоймай өз оқырманына жол табатынына сенімді. Осындай игі іс ары қарай жалғасын…

0
0
261

Канвассинг өтті

"Nur Otan" партиясының ақпараттық-имидждік жұмысының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша канвассинг шарасы аясында ауылымыздың ардагері, зейнеткер Ж.Қабдолов ағамыздың үйінде болып әңгімелесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен және ауылда жасалынып жатырған жұмыстармен бөлісіп, хал жағдайын білістім. Өз салам көбіне спорттық шараларға бағытталғасын аудан денгейін облысқа танытып жүрген бір қатар спортшылардың жетістіктерін айтып бөлістім. Өз кезегінде ризашылығын білдірген Жұмаш ағамыз өзін толғандырған бірқатар көкейкесті мәселелерді қаузап, еңбегімізге жеміс тілеп, батасын берді.

1
0
176

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қабылдау онлайн форматында өтті.Хабарласқан Орал қаласы Сарыарқа шағын ауданының тұрғыны дәрігерлік амбулатория мекемесін жаңа үлкен ғимаратқа ауыстыру жөніңде көмек сұрап байланысқа шықты. Қазіргі уақыттағы дәрігерлік амбулатория мекемесінің ғимаратты ауқымы кіші екенін айтты. Барлық байланыс деректерін жазып алынып, Нұралиев Айдар Аллабергенұлы мәселені өз бақылауына алатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді. Байланысқа қосылған тағы бір тұрғынымыз- мүмкіндігі шектеулі баланың анасы қаламызда параспорт орталықтарын…

0
0
429

Облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, облыстық мәслихат депутаты Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдау барысында келген тұрғын ірі қара малын қарау мәселесін айта келді. Қабылдауға келген азаматтың жолдасының денсаулығы сыр бергендіктен, төсек тартып жатып қалған. Ірі қара малды бағуға өздерінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Сол себепті, облыстық маслихат депутаттың көмегіне зәру екенін айтып жолықты. Аталған мәселе бойынша Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдап, кері байланыс орнату үшін толық деректері жазылып алынды. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді.Қабылдауға келген тағы бір азаматша көпбалалы ана ретінде т…

0
0
499

Канвассинг өтті

Канвассинг шарасы аясында Пятимар ауылының сыйлы азаматы Еркегулов Нұрлан Аязбайұлымен кездескен болатынмын. Нұрлан ағай қазіргі уақытта зейнеткер болғанымен, ауыл тірлігіне белсене араласып , қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқарып келеді. Әңгімелесу барысында Жол картасы аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен жалпы аудан бойынша жүргізілетін жұмыстар, сонымен қатар Пятимар ауылына кірме жолдың жөндеуі мен Борық, Плантация ауылдарын газбен жабдықтау жобалары туралы таныстырған болатынмын.

1
0
156

Канвассинг өтті

"Nur Otan" партиясының Канвассинг шарасы бойынша бүгін колледжден зейнеткірлікке шықан Лукбанова Муслима Есенқызыңың үйіңді болып қал жағдайын біліп көкейтесті мәселелер бойынша әңгімелестік.

1
0
133