Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыста "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының " орындалу барысы талқыланды. Отырыста Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің директоры М.Жамалбеков пен "Косенков" БПҰ төрайымы Г.Ашимжанованың есебі тыңдалды. Нәтижесінде, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулы шығарылды.Отырысқа қатысқан қатысушылар сұрақ қойып, оған заң аясында кеңестер берілді.

0
0
156

Партиялық бақылау отырысы

Бүгін, партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста партия қатарын толықтыру және оның сапалық құрамын жақсарту, партия жарғысына сәйкес мүшелік жарнаның уақытылы толық орындалуы туралы «Ескелді би», «Жолбарыс батыр», «Елтай» бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі тыңдалды.Қатысушылар өз тараптарынан сұрақ қойып, оларға заң аясында кеңес беріліп, тиісті қаулы шығарылды.

0
0
173

А.Байгунысовтың құттықтауы.

"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.23 маусым-полиция қызметкерлер күні құтты болсын!Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы полиция қызметкерлері екені сөзсіз.Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын полиция қызметкері болу – мәртебелі міндет.Бүгінгі мерекеге орай "Nur Otan"партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов, Қаратал ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін арнайы құттықтап, қызмет саласында белсенді жүрген полиция қызметкерлерін марапаттап, партия төрағасы Ерлан Шойұлыныңда арнайы алғыс хаттарын табыстады.Бұл – қазақтың сақшылары, тірегің!Тірегіңнен үзілмесін күдерің!Тілерім сол, бейбіт күннің ерлер…

0
0
185

23 маусым - Мемлекеттік қызметші және Полиция күні

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!

Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!🇰🇿

1
0
164

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық аға Мырзағалиевпен кездестік. Өйткені ол кісінің кабинеті аудандық әкімдіктегі ең көп ашылатын есіктердің бірі. Ардагер, зейнеткер аға-апаларымыз шаруаларын, өкпе-өтініштерін, ұсыныстарын бірінші осы кісіге айтады. Сондықтан да көп жылдар басшылық қызметте болған, ауданның қадірлі азаматы Садық ағамен жиі кездесіп, сұқбаттасып тұрғанның пайдасы зор. Үнемі ауданның тарихы, ардагер азаматтары мен еңбекқор адамдары жайлы сыр шертетін ағамен дидарласуды Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Кашукқызы екеуміз сәті түскен кездесу деп санадық.

0
0
162

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

"Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы ардагер ұстаз Зәуре Испанова мен отағасы еңбек ардагері Испанов Амантай ағамен отасқандарына 50 жыл толуына әрі ардагер ұстазымыздың туған күніне орай құттықтап, шағын сыйлық табыс етілді.

0
0
151

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

Журналистер күні қарсаңында Олег Перегудовпен кездестік. Ауданның қадірлі азаматы, өңірге белгілі тұлғаның айтары әркез мол. Әңгіменің майын тамызатыны өз алдына, жады мықты. Оқиғаның айын, жылын шатастырмай, нақты дәлелдермен айтып отырғанда тыңдай бергің келеді. Осыдан 30 жыл бұрын, Тәуелсіздіктің алғашқы жылында біздің ауданда ашылған "Көкжиек-Горизонт" телестудиясының директоры, "Панорама Карашыганака" газетінің алғашқы редакторы осы кісі. Қазір де жасына қарамастан редакторлық қызметін дөңгелетіп отырған Олег Алексеевичпен кездесуде тек қал-жағдай біліп қана қоймай Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Махауова екеуміз бір ғибратты әңгіме тыңдадық десек болады.

0
0
197

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 4-ші сессиясы болып өтті.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 4-ші сессиясы болып өтті. Сессияға облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Депутаттар сессия жұмысын бастамас бұрын бір минут үнсіздікпен, облыстық мәслихаттың I,II,III,V,VI,VII шақырылымдарының депутаты, Ақжайық өңірінде ауылшаруашылығы саласының дамуына ерекше үлес қосқан Қ. Ашығалиевты еске алды. Одан әрі облыстық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Ә. Шамшиденге депутаттық мандат пен төс белгі табыс етті.Облыстық мәслихат депутаттары кезекті 4-ші сессиясының күн тәртібіндегі «2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуының жылдық есебі мен сол бойынша облыстық тексеру комиссиясы және облысты…

0
0
239