Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

экологиялық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы жанынан құрылған экологиялық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

______________

Алғашқы отырыста кеңес мүшелері таныстырылып, қоғамдық кеңестің құрылу мақсаты мен алдағы уақытқа жұмыс жоспары бекітілді.

_______________

Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Аудандық мәслихат депутаты, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы бекітілді, Қоғамдық кеңес төрайымының орынбасары болып "Промсервис Аман-Кел" ЖШС Бас директоры»

ЖК " Аубакирова Г. А» Аубакирова Гүлшат Аскеровна бекітілді.

0
0
152

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері «Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік» мекемесіне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
168

1 – маусым балаларды қорғау күніне орай арнайы интернатта кездесу ұйымдастырылды.

« Жетім көрсең жебей жүр»1 – маусым балаларды қорғау күніне орай арнайы интернатта кездесу ұйымдастырылды.« Жетім көрсең жебей жүр» - деген халық даналығы, жетім балаларды қорғау ,оларға көмек қолын созып,қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болуға тиіс. Осы қағиданы ұстанған Алматы облысы Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының қызметкерлері жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай –ақ аз қамтылған отбасы балаларына қол үшін беруді дәстүрге айналдырған. Биыл да «1 – маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай басқарма басшысы Марат Рахымбердіұлы Сағымбек пен “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Қ.Н.Досмаилов бастаған басқарма қызметкерлері аудандағы жеке кәсіпкер Бейсебеков Муратбек Алтынбайұлының қолдауымен Жаркент қаласындағы «Облыстық з…

0
0
255

"Депутатқа сауал қой"

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясының Панфилов аудандық мәслихат депутаты Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы 2021 жылдың 27 мамыр күні жоспарға сәйкес өз әлеуметтік желі парақшасынан «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде ауданымыздаға атқарылып жатқан мәселелер қаралды. Эфир барысында Қуаныш Серікұлына қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды.

0
0
143

14-округті аралап, мүмкіндігі шектеулі балаларға азық -түліктер табыс етті

1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауданымыздың мәслихат депутаттары Бегімбекова Ұлдана, Жапарқұлов Олжас, Құдайбергенов Қуаныш, Мұқатай Медет , Күдерова Алтынай ауданымыздағы 14-округті аралап, мүмкіндігі шектеулі балаларға азық -түліктер табыс етті.

0
0
196

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай"Nur Otan" Партиясы Панфилов ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, Аудандық мәслихат депутаттары Ұ.Бегімбекова, А.Батырхан қатысуымен Панфилов ауданындағы Кішішыған ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестерімізге арналып орнатылған ескерткіш басына барып гүл щоқтарын қойып қайтты.31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.1931-1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған қазақтың басын жұтты, 1937-1938-дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20-дан аста…

0
0
256

1- маусым балалар күні

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Алматы облыстық мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы 1- маусым балалар күніне орай "Rakhum" мүмкіндігі шектеулі балалармен жасөспірімдердің денсаулығын оңалту орталығырда тәрбиеленетін балаларға арналған мерекелік кештің өтуіне атсалысты.Балалар күні қарсаңында өткізілген шарада әлеуметтік, психологиялық, медициналық және түзету көмектері ұсынылатын "Rakhym" мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер денсаулығын оңалту орталығының бүлдіршіндеріне аудандық мәдениет үйі қызметкерлері әсем ән мен мың бұрала билеген өнерлерін тарту етті. Және "Rakhym" орталығының өнерлі балақайлары да өз өнерлерін көрсетті.Қазіргі таңда денсаулығына байланысты ем алып жатқандықтан, балаларға арналған мерекелік…

0
0
146