31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай
"Nur Otan" Партиясы Панфилов ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, Аудандық мәслихат депутаттары Ұ.Бегімбекова, А.Батырхан қатысуымен Панфилов ауданындағы Кішішыған ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестерімізге арналып орнатылған ескерткіш басына барып гүл щоқтарын қойып қайтты.
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
1931-1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған қазақтың басын жұтты, 1937-1938-дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам асыл азаматтарымыз азап шекті.
1937-1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ
тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары өлген жоқ,олар сөнген жоқ! Олардың жаны әрбір қазақтың қантамырында, жүрек соғысында. Біздің бүгінгі бейбіт күнімізге сөнбейтін Күнді сыйлаған аяулы ақтаңгерлер жер бетінде ең соңғы қазақ қалғанша мәңгі жасай бермек!
