1- маусым балалар күні
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Алматы облыстық мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы 1- маусым балалар күніне орай "Rakhum" мүмкіндігі шектеулі балалармен жасөспірімдердің денсаулығын оңалту орталығырда тәрбиеленетін балаларға арналған мерекелік кештің өтуіне атсалысты.
Балалар күні қарсаңында өткізілген шарада әлеуметтік, психологиялық, медициналық және түзету көмектері ұсынылатын "Rakhym" мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер денсаулығын оңалту орталығының бүлдіршіндеріне аудандық мәдениет үйі қызметкерлері әсем ән мен мың бұрала билеген өнерлерін тарту етті. Және "Rakhym" орталығының өнерлі балақайлары да өз өнерлерін көрсетті.
Қазіргі таңда денсаулығына байланысты ем алып жатқандықтан, балаларға арналған мерекелік шараға Серік Мұқашұлының жолдасы Гүлнар Ақсубаева қатысып, балаларға ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ 1 маусым — Балалар күніне орай орталыққа қаржылай көмек көрсетіп, бүлдіршіндерге мерекелік кештен кейін "Bro-B" мейрамханасында шағын дастархан жайып, мерекелік тарту жасады.
Осы шараның өтуіне жоғарыда аталған жоба аясында өзге де кәсіпкер азаматтар мен азаматшалар атсалысты. Атап айтқанда, Закир Исмазов және басқа да кәсіркерлердің еңбектерінің де орны орасан.
