1 – маусым балаларды қорғау күніне орай арнайы интернатта кездесу ұйымдастырылды.
« Жетім көрсең жебей жүр»
1 – маусым балаларды қорғау күніне орай арнайы интернатта кездесу ұйымдастырылды.
« Жетім көрсең жебей жүр» - деген халық даналығы, жетім балаларды қорғау ,оларға көмек қолын созып,қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болуға тиіс. Осы қағиданы ұстанған Алматы облысы Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының қызметкерлері жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай –ақ аз қамтылған отбасы балаларына қол үшін беруді дәстүрге айналдырған. Биыл да «1 – маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай басқарма басшысы Марат Рахымбердіұлы Сағымбек пен “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Қ.Н.Досмаилов бастаған басқарма қызметкерлері аудандағы жеке кәсіпкер Бейсебеков Муратбек Алтынбайұлының қолдауымен Жаркент қаласындағы «Облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттағы» балаларға мерекелік отырыс ұйымдастырып,балалардың өтінішімен тәтті тағам,сусын,балмұздақ сыйлап жеткіншектерге қуаныш сыйлады. Басқарма басшысы Марат Рахымбердіұлы Сағымбек балаларды бүгінгі күнгі мекерелерімен құтықтап және де оларға Әділет органдарының қызметі туралы да мағлұмат беріп,оқуларына табыс тілеп алдағы уақытта да көмек қолдарын созуға даяр екендігін айтты. Іс шара соңында интернат директоры Б.Раева Әділет органдары мен Муратбек Алтынбайұлына ұжым мен балалар атынан алғыс айтып, мемлекеттік органдардың ішінде халыққа жақын, ел мен еліміздің мүддесін көздеген Әділет органдарының барлық қызметкерлері Президентіміздің халқымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға ат салысатындығына сенім білдірді.
Алматы облысы
Панфилов ауданаралық Әділет басқармасы
