Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері «Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік» мекемесіне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
166

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында - Yvision.kz