Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Облыстық мәслихат депутаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы онлайн форматта жеке қоғамдық қабылдауы

"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 15-қыркүйек күні сағат 15:00-де облыстық мәслихат депутаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы онлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Мекен-жайымыз: Қаратөбе ауданы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 16 үй.

Байланыс телефоны: 8 (711) 45 31 3 30

0
0
238

Тұрғындар тілегі ескеріледі

31 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындарды толғандырған мәселе – тұрғын үйді жөндеу мен қызметке орналасу мәселесі.Қабылдауда болған аудан тұрғындары А.Ерешова мен Т.Қайырғалиева жаңадан салынған 67 тұрғын үйден пәтер алғандықтарын, алайда үй құрылысының сапасына көңілдері толмайтындықтарын айтты. Пәтер иелері жаңбырлы күндері үй шатыры мен терезе тұстарынан су кіретіндігіне шағым жасады.Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап қайтарған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев тиісті дәрежеде көмек болатындығын жеткізді.Ал, жұмыс сұрай келген А.Қобдабаева мен өз жұмысын бастау үшін қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп гр…

0
0
178

«Қаратөбе-Қарақамыс-Қоржын» жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселесі бойынша

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Оразов,аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Н.Сахиповпен және Саралжын ауылдық округінің әкімі С.Зейнуллин мен ауыл ардагерлері А.Исағалиев, С.Уалиденов, ауыл тұрғыны М.Сәлімгереев, Б.Жантілеуовтер келіп,«Қаратөбе-Қарақамыс-Қоржын» аудандық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселесі бойынша жұмысты атқарып жатқан жауапты мердігер өкілі Р.Мырзагереймен сол жолдың жұмыс жүріп жатқан бөлігінде жолығып, пікірлестік. Бұл туралы күні кеше ғана облыстық мәслихат депутаты Ж.Жақсы,алиев бауырымызда әлеуметтік желіде осы жұмыстың орындалу барысы туралы пост жариялаған болатын. Тиісті мекеме басшылары…

0
0
322

Жастарды қолдау жөніндегі Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы

17 тамыз күні «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңестің төрағасының орынбасары Н.Жоламанов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағанбаетов, «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов және кеңес мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне аудандағы "Дипломмен ауылға" бағдарламасының орындалуы туралы мәселе ұсынылған болатын. Аталған мәселе бойынша хабарлама жасаған экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Базарұлы: - Ауданда осы бағдарлама қабылданғаннан бергі 11 жылдың ішінде 297 маман игілігін көріп, бағдарламааның мүмкіндіктерін пайдаланған. Биылғы жылы қазіргі уақытқа дейін 24 маман көтерме ақы, 5 маман тұрғын үй үшін несие алған. Бы…

0
0
193

Онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өтті

Онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн форматта қабылдау өткізді

0
0
199

партиялық бақылау комиссиясының отырысы

12 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешовтің төрағалығымен өткен отырыста партияның сайлауалды бағдарламасының орындалмау қаупі бар мәселелері қаралды. Инвестор есебінен жүзеге асатын жобаның орындалмау қаупі болған, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілген соң жыл соңына дейін жүзеге асатын болып шешілді. Сондай-ақ екі округтегі саябақ құрылысы үшін ЖСҚ жасақталу жұмыстары аяқтала келді, оның кешігу себептері заң талаптары шеңберінде болып отыр. Биыл жобасы жасақталып бітсе, келесі жылы пайдалануға берілмек. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Бағдарламаның әрбір бөлімінің орындалуы бойынша тиісті сала басшыларыме…

0
0
177

"Ауыл ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатырған ауылішілік көше жолдары

Қаратөбе ауданында "Ауыл ел бесігі" мемелкеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатырған ауылішілік көше жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына аудандық НұрОтан партиясының бірінші орынбасары Нұрлан Құмарұлы, НұрОтан партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жақанұлы,аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Хамидоллаұлы, Қаратөбе аудандық Ақжайық адалдық алаңының өңірлік жетекшісі Нұрберген Жаңабайұлы және аудандық құрылыс бөлімінің маманының қатысуымен қоғамдық бақылау жүргізілді. Ауылішілік тас жолының сапасына мән беріліп,енімен,қалыңдығы өлшенді және уақытылы орындалуы қажет екендігі ескертілді.Бұл жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

0
0
210

«Заңгерлік көмек» акциясы аясында жеке қоғамдық қабылдау

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас инспектор заңгері Марбанова Набира Оралбекқызы «Заңгерлік көмек» акциясы аясында жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматша өз мәселесі жөнінде заңдық комек сұрады. Өз кезегінде Набира Оралбекқызы қабылдауға келген азаматшаның мәселесі бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізді.

0
0
315