«Заңгерлік көмек» акциясы аясында жеке қоғамдық қабылдау
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас инспектор заңгері Марбанова Набира Оралбекқызы «Заңгерлік көмек» акциясы аясында жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматша өз мәселесі жөнінде заңдық комек сұрады. Өз кезегінде Набира Оралбекқызы қабылдауға келген азаматшаның мәселесі бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізді.
