партиялық бақылау комиссиясының отырысы
12 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешовтің төрағалығымен өткен отырыста партияның сайлауалды бағдарламасының орындалмау қаупі бар мәселелері қаралды. Инвестор есебінен жүзеге асатын жобаның орындалмау қаупі болған, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілген соң жыл соңына дейін жүзеге асатын болып шешілді. Сондай-ақ екі округтегі саябақ құрылысы үшін ЖСҚ жасақталу жұмыстары аяқтала келді, оның кешігу себептері заң талаптары шеңберінде болып отыр. Биыл жобасы жасақталып бітсе, келесі жылы пайдалануға берілмек. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Бағдарламаның әрбір бөлімінің орындалуы бойынша тиісті сала басшыларымен бірге аудандық мәслихат депутаттарына да жауапкершілік жүктелген.
