«Қаратөбе-Қарақамыс-Қоржын» жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселесі бойынша
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Оразов,аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Н.Сахиповпен және Саралжын ауылдық округінің әкімі С.Зейнуллин мен ауыл ардагерлері А.Исағалиев, С.Уалиденов, ауыл тұрғыны М.Сәлімгереев, Б.Жантілеуовтер келіп,«Қаратөбе-Қарақамыс-Қоржын» аудандық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселесі бойынша жұмысты атқарып жатқан жауапты мердігер өкілі Р.Мырзагереймен сол жолдың жұмыс жүріп жатқан бөлігінде жолығып, пікірлестік. Бұл туралы күні кеше ғана облыстық мәслихат депутаты Ж.Жақсы,алиев бауырымызда әлеуметтік желіде осы жұмыстың орындалу барысы туралы пост жариялаған болатын. Тиісті мекеме басшылары бірден үн қатып, ауыл халқы үшін жасалып жатқан жұмыстың бағытын түсіндіру бағытында жауабын жариялады. Үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Негізгі мақсатымыз жол жөндеу жұмыстарына келетін болсақ, басталғанына көп болмаған, қазіргі таңда дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстың орындалуына жауапты мекеме аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Н.Сахиповтың айтуынша жұмыс көлемі қараша айына дейін толық аяқталады. Бұл жұмыстың негізгі бөлігі 32,7 шақырымды құрайды. Оның ішіндіе жолдың жаңбыр кезіндегі езіліп қолайсыздық тудыратын бөліктері және жолдың сай болып қалған ойыс жерлері, сонымен қатар жолды күтіп ұстау кезінде қалыптасқан биік жерлерді тегістеп, су тұрмайтындай етіп тегістеп, бетін шебенкамен жауып жаңбыр кезінде езілмейтіндей жағдау жасау болып табылады. Оның ішінде Аққозы ауылына апаратын 11 шақырым жолдың езіліп, жүруге ыңғайсыздық тудыратын бөлігі де бар. Ауыл тұрғындарымен кездесі барысында негізінен жолдың сол жаңбыр кезіндегі жолдың қиындық келиіретін бөлігіне баса назар аударып, сол жердің тығыздылығын барынша қадағаласа, сонымен бірге Сәуле ауылының маңындағы Қойсана деп аталатын бөліктегі ойпаң жердің тығыздылығын ұлғайту, қатқыл тастың молдау төселуін сұрады. Мердігер кампония өкілі Р.Мырзагерей өз кезегінде осындай кездесудің өте дұрыс болғандығын атап өтіп, бірлесе жұмыс жасап, халықтың ұсыныс-тілегіне құлақ асып, бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді. Біз өз кезегімізде ауыл әкімі С.Зейнуллинге біздің партияның бақылауынан бөлек, ауылдан осындай белсенді топ құрып, жұмасына атқарылып жатқан жұмыстың сапасын қадағалап, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысымен, мердігермен үнемі байланыста болуын ұйымдастыру туралы ұсынысымызды айттық. Осы жол жөндеу жұмыстарына қолдау білдірген аудан, облыс әкімдігіне ауыл халқының алғысын жеткізуде. Ауыл халқынан сұрайтынымыз, осы жұмыстардың сапалы орындаулына атсалысып, түсіністік танытуын сұраймыз. Бұйырса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болса бұдан жақсы теп-тегіс, тақтайдай жолда жүйткіп жүретін күнге де жететінімізге сеніміміз зор.
