"Ауыл ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатырған ауылішілік көше жолдары
Қаратөбе ауданында "Ауыл ел бесігі" мемелкеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатырған ауылішілік көше жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына аудандық НұрОтан партиясының бірінші орынбасары Нұрлан Құмарұлы, НұрОтан партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жақанұлы,аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Хамидоллаұлы, Қаратөбе аудандық Ақжайық адалдық алаңының өңірлік жетекшісі Нұрберген Жаңабайұлы және аудандық құрылыс бөлімінің маманының қатысуымен қоғамдық бақылау жүргізілді. Ауылішілік тас жолының сапасына мән беріліп,енімен,қалыңдығы өлшенді және уақытылы орындалуы қажет екендігі ескертілді.Бұл жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады.
