
Қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдау өтті.
“Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі орынбасары Шакиров Талғат Асқарұлы, аудан тұрғындарымен онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
Қазақстан БҰҰ мүшелігіне 1992 жылғы 2 наурызда қабылданды. Сол күннен бастап біздің еліміз Ұйымның халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық қатынастарда сенімді қалпына келтіруге бағытталған бастамаларын толық қолдайды.«Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкіләлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді», – деген болатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның барлық маңызды бастамалары БҰҰ жоғары мінберінен айтылып, әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие болды.«БҰҰ бүкіл әлемдік қоғамдастықтың еркіндігін көрсететін әмбебап және ба…
Көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ағымдағы жылғы қазан айының 14 мен қараша айының 24 аралығында Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.Талдау барысында Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі кадр мәселесі, мемлекеттік қызметтер көрсету, автомобиль көлігі, темір жол мен су көлігіндегі рұқсат беру, бақылау, қадағалау функцияларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау қажет.Осыған орай, Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне қатысты қандай да болмасын нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдар мен ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр 36/42 орналасқан Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанында…
Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Аталған отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Аудан, қала әкімі орынбасарлары, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Отырыс кеңес төрағасының орынбасары А.Шамшадинованың және Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Битанның төрағалығымен өтті.Күн тәртібінде Маңғыстау облысының кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек даулары мәселесі қаралды. Аталған мәселе б…
«Тәуелсіздікке - құрмет» тақырыбында ақын жазушы Мұратхан Шоқанмен сұхбат
#тәуелсіздікке30жыл
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, әкімнің орынбасарлары, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрайымының бірінші орынбасары және партия мүшелері, аудандық құрылымдардың басшылары, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, арнайы орта оқу орындарының басшылары, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты. ~
«Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында колледждің жас мамандарымен дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.
Жетісу ауданы «Nur Оtan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен, ауданымыздағы Алматы Автомеханикалық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және алғашқы қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуына арналған «Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында колледждің жас мамандарымен дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Ғарышты игеру бүгінде өркениетті әлемнің басты мәселесіне айналғаны анық. Бұл сала Жер шарындағы экономикалық дамудың, адамзатқа қажетті түрлі игіліктерді жүзеге асырудың маңызды тетігі десек те болады. Қазіргі таңда ғарышты игеруде Қазақстан белсенді іс-қимылымен ерекшеленуі туралы жас мамандар өз пікірлерін білдірді. Тоқтар Әубәкіров қазақтың ғана емес, күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы Түркия Ыстамбұл қаласында оған «Түріктің тұңғыш ғарышкері» атағы берілгені туралы видео-дер…
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында мониторинг
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында, Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық комиссия мүшелері,мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік ұйымдарға (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН), «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы және Алматы Автомеханика колледжі) мониторинг жүргізді. Мониторинг тобы аталған ұйым орындарында пандустардың болуын және олардың стандартқа сай болуын,сондай-ақ қоңырау батырмаларының іске жарамдылықтарын тексерді.Тексеру барысында тактильді жолдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, барлық ескертулер бойынша ұсыныстар жасалды.
11 қазан күні аудандық мәслихат депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Ағымдағы жылдың 11 қазан күні аудандық мәслихат депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында азаматтардың мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.