«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, әкімнің орынбасарлары, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрайымының бірінші орынбасары және партия мүшелері, аудандық құрылымдардың басшылары, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, арнайы орта оқу орындарының басшылары, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты. ~
