«Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында колледждің жас мамандарымен дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.
Жетісу ауданы «Nur Оtan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен, ауданымыздағы Алматы Автомеханикалық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және алғашқы қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуына арналған «Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында колледждің жас мамандарымен дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Ғарышты игеру бүгінде өркениетті әлемнің басты мәселесіне айналғаны анық. Бұл сала Жер шарындағы экономикалық дамудың, адамзатқа қажетті түрлі игіліктерді жүзеге асырудың маңызды тетігі десек те болады. Қазіргі таңда ғарышты игеруде Қазақстан белсенді іс-қимылымен ерекшеленуі туралы жас мамандар өз пікірлерін білдірді. Тоқтар Әубәкіров қазақтың ғана емес, күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы Түркия Ыстамбұл қаласында оған «Түріктің тұңғыш ғарышкері» атағы берілгені туралы видео-деректер көрсетіліп, жас мамандар өз ойларымен бөлісті. #тәуелсіздікке30жыл
