Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің үшінші отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің үшінші отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын және 2025 жылға дейінгі жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі мен сапасы туралы;
2. Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау бизнес» жобасының ауданда жүзеге асыруы туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі мен сапасы туралы «Қарасай ауданының әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Зуайда Абылай Жұмабекұлы баяндап берді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша, Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау бизнес» жобасының ауданда жүзеге асыруы туралы «Атамекен» Қ-ҰКП Қарасай аудандық филиалының менеджері Константинова Елена Владимировна баяндап берді. Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралды. Мәселелер бойынша хаттама тиісті мекемелерге және кеңес мүшелеріне жолданатын болады.
