Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Азаматтарды қабылдау аясында

Аудандық мәслихат депутаты Б.Қ.Қуаналиев қабылдауына келген Садрединова Л. ай сайынғы төленетін жәрдемақының құжаттарын жинауқтауға көмектесуін сұрап келді.

Б.Қ.Қуаналиев өз тарапынан мәселенің шешілу жолдарын түсіндірді.

0
0
153

«Бастауыш - партия негізі»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаныңда, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш - партия негізі» айлығының аясында «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығу жасау шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – қалың жұртшылық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналысуға баулу. Аталған шараға Ақоба бастауыш партия мүшелері, мектеп оқушылары қатысып, Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімдері Қалмияров Жансерік, Әліпқалиев Елдоспен бірге таңғы жаттығу жасады.

#бастауышпартиянегізі2021

#первичкаосновапартии2021

#чемпионменжаттығу

https://www.facebook.com/zhanibek.nurotan/

0
0
129

"Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Жәнібек ауылындағы "Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелері 13 қарашада "Чемпионмен жаттығу" шарасын ат спорты шебері Бейбіт Ароновпен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спорт алаңында ұйымдастырды. Оң істерге табиғат та қолдау көрсеткендей, күн шуағын сепкен демалыс күні таңғы жаттығулар денені сергітіп, позитивті көңіл-күй сыйлады.📷📷📷

#чемпионменжаттығу

#бастауышпартиянегізі2021

#первичкаосновапартии2021

0
0
134

«Бастауыш - партия негізі»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаныңда, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш - партия негізі» айлығының аясында «Онтүстік-шығыс» бастауыш партиясының бастамасымен «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығу жасау шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – қалың жұртшылық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналасуға баулу. Аталған шараға бастауыш партия мүшелері, колледж студенттері қатысып, «Жас барыс» облыстық турнирінің чемпионы, М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті Ералхан Меңдіхановпен бірге таңғы жаттығу жасады.

0
0
205

Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңес

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сай партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатырған шараларының іске асыру барысына партиялық бақылау жасау мақсатында «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Жәнібек аудандық мәслихат депутаттары: «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов ,М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов және өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшелері «Казталов–Жәнібек–Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар авто…

0
0
258

Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңес отырысы

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Мейіржан Хабидің төрағалығымен отырыс өткізіліп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Искаков және Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов сайлауалды бағдарламасында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Отырысты қорытындылаған Біржан Қуаналиев қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, осы міндеттерді іске асыру бойынша тиісті жұмы…

0
0
121

"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!"

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында Жәнібек аудандық мәслихат депутаттары Ихсанов Берик Қабделұлы мен Кадимов Тахир Зинурұлы Жәнібек ауылының М.Утемисов көшесінде жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылуымен танысып келді. Учаскі басшысы Кубаев Махамбеттің айтуы бойынша бүгінгі күні белгіленген жол учаскісіне ПГС материалы төселіп, тапалып, үстіне ірі фракция қиыршық тас түсіріліп жайылады. Одан кейін уақ фракция төселіп, тапалып, үстінен екі қабат асфальт салынады. Жалпы аталған көшенің жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланып 2022 жылы аяқталады. Өз тарапынан депутаттар жасалып жатырған жұмыстың сапалы орындалуының қажеттілі…

0
0
131

Саяси Кеңесі Бюросының отырысы

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы А.С.Сафималиевтің төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы офлайн форматында өткізілді. Күн тәртібінде "Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXVІ конференциясына Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкіміне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXVІ конференция қарауына ұсынылған кандидаттар бірауыздан мақұлданды.

0
0
125

Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған аудандық мәслихат депутаты Берік Қабделұлы Ихсанов азаматтарды қабылдау кестесі бойынша Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары көкейтесті қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

0
0
160