Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім және ғылымды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

1. Аудандық жол картасының 2025 жылға дейінгі аудандағы мектептердің құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

2. Аудан мектептерінің 67,5%-дейін химия, биология, жаңа ұрпақ физикасы және ақпараттық технологиялар кабинеттерімен жабдықтау.

Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларына көмек көрсету (мектеп оқушылары үшін: кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім, ыстық тамақпен қамтамасыз ету).

Бүгінгі өткен аудандық білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралды.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Білім және ғылымды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті - Yvision.kz