"Жақсылық Жасаудан Жалықпа" атты қайырымдылық шарасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Жәнібек ауылындағы "Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелері ауданның қосымша білім беру мекемелері "Жақсылық Жасаудан Жалықпа" атты қайырымдылық шарасын аудан мекемелеріне, "Саян+" супермаркетіне барып өткізді. Аталған шараға туризм мен саз мектебінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама дайындады, ал мектептен тыс жұмыстар орталығы қол өнер бұйымдарын тиімді бағамен сатты. Қайырымдылық шарадан түскен 59445 теңге қаржыны науқас бүлдіршін Асқар Фатиманың есепшотына аударды.

