Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 562 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Балқаш қаласы мен көлі және өңірдің туризмі туралы

Балқаш көлі мен қаласына, Бектау Ата тауларына барып келгенімді өткенде жазған едім, енді, көргендерім мен ойға түйгендерімді қағазға түсіруді жөн көрдім.Сонымен, Балқаш менің өмірімдегі үшінші қала десем артық айтқандық емес. Ауылдан көшіп келген соң Арқалықта тұрдым, одан соң Қарағандыда оқыдым, шамалы уақыт Балқашта тұрдым, кейін, Астанаға біржола қоныс аудардым. Сондықтан, жалпы, шаһарды бұрыннан білетін едім және менің есімде экологиясы бұзылған, кей күндері тіпті демалу мүмкін емес қала ретінде сақталыпты. Дегенмен, жалпы, еліміздің белгілі қалаларының бірі.Балқаш қаласы Қарағанды облысының Қарағанды мен Теміртаудан кейінгі үшінші үлкен қаласы. Халқының саны шамамен 80 000 адам. Оның шамамен 72-75 проценті жергілікті халық. Бір қызығы, Балқаш қаласына оған алыс-жақын Қоңырат (Балқаш…

0
0
1559

Қаш, ни**а, қаш

Маркетологи из Франции придумали интересную акцию: вы можете прийти в магазин одежды и забрать любую вещь совершенно бесплатно...если сможете убежать от охранника. Естественно, есть нюанс: охранником является Микаэль Зезе — быстрейший спринтер страны

1
0
1696

Пантогематоген — аурусыз, ұзақ бақытты өмір

"Жолдасымның мамандығы мал дәрігері болғанғандықтан, 2016 жылы қаладан ауылға көшіп, марал өсіру жобасын қолға алуды ұсынды. Мен бұл идеяны қолдап, медицина қызметкері ретінде адамдарды емдейтін санаторий салуды ұсындым, өйткені мүйізді марал шаруашылығының өнімдері өте шипалы. Осылайша, 2018 жылдың маусым айында Мәртөк ауданы, Қазан ауылында Пантолечебник жұмыс істей бастады", - деп бастады әңгімесін біздің бүгінгі кейіпкеріміз марал өсіру шаруашылығының басшысы, «Зәру» пантоемхана-шипажайының құрылтайшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Атамекен» ЖК аймақтық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бану Тілегенова. Пантогематоген тазартылған марал қанынан жасалады екен. Кесілгеннен кейін мүйіздің өзі емдік сорпаны пісіру үшін пайдаланылады.Биылғы жылы марал шаруашылығында өндірілген пантогематог…

0
0
1122

Отбасы заңнамаларының қағидалары

1. Мүлікті бөліп иеленуКүйеуінің де, әйелінің де тек жеке меншік негізінде ие мүлкіне ғана құқықтары бар. Некеде бола тұра ерлі-зайыптылардың әрқайсысы екінші тараптың рұқсатын сұрамай-ақ, өзі қалағанындай мүлкін басқара алады – сату/сатып алу, сыйға беру, кепілдікке қою немесе т.б. Ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне тиесілі мүлікке немесе кіріске қатысты ешқандай құқығы жоқ.Ажырасу барысында ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншік негізінде иеленген мүліктерін ерлі-зайыптылар арасында бөлектеуге болмайды. Бұл ереже ерлі-зайыптылардың некеде бірге иеленген мүлікке де қатысты. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-бірінің мүлкіне таласа алмайды.Сонымен қатар ерлі-зайыптылар біріге жеке меншік мүлік сатып ала алады. Бұндай жағдайда олардың әрқайсысының ортақ жеке меншік мүліктегі үлестік қаты…

0
0
817

"Жасыл ел" еңбек жасағы

Қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жастарды жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды. Жиынға жастар ресурстық орталығының өкілдері мен студент жастар қатысты.– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. 2005 жылы құрылған көшбасшы ұйым белсенді жастарды біріктіріп, оларды еңбекке баулу, патротизмді қалыптастыруға үлесін қосуда. Еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді қала әк…

0
0
750

Бәндәбике!

О заманда естек жұртын алауыздық билеген уақыт еді, кімнің шоқпары мықты соның сөзі жүріп тұрды. Дегенмен, ел іші болған соң, естіні де тыңдайтын заман еді. Сондай жандардың бірі Бәндәбике туралы деректерді көзім шалған соң мағұлмат бере кетуді жөн көрдім. Кезінде көршілес екі халық - башқұрт пен қазақтың арасына жаугершілік орнап, талай қан төгіледі. Сондай бір жорық кезінде Бәндәбике қазақ қосынының алдынан шығып, шайқас болған жағдайда екі жақтан қаншама жас өлім құшып, боздақтарын іздеп қаншама башқұрт-қазақ аналары жасын төгетінін айтады. Қазақ сарбаздарының басшысы көпті көрген, ақылды адам болса керек, соғысты тоқтатуға бұйрық береді. Сөйтіп, қос тарап Бәндәбикенің арқасында мәмілеге келіп, боз торғай жұмыртқалаған заман орнапты. Бәндәбикенің құрметіне қазақ пен башқұрттың шешендер…

0
0
900

Криптовалюта саласының арқасында ел-жер көру мүмкіндігіне ие болдым

Кейінгі жылдары криптовалюта саласы туралы көп айтылып жүр. Әлеуметтік желілерде қаржылық сауаттылыққа үйрететін мамандар да аз емес. Редакциямызға күн сайын "Криптовалютаны неден бастау керек?", "Бұл саладағы соңғы трендтер қандай?", "Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?" деген сияқты сұрақтар келіп жатады. Осы ретте, бүгін біз көптеген сауалға тұщымды жауап алу мақсатында аталған саланың жілігін шағып, майын ішкен маман Төленбай Мейірман мырзамен сұқбаттасып, мән-жайды білген болатынбыз.- Алғашқы сұрақты өзіңізді таныстырудан бастасақ? Қай өңірденсіз?- Менің аты-жөнім Төленбай Мейірман. Толық жасым 26-да. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасымын. - Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Тәрбиеңізбен кім айналысты? - Нағыз интеллигенциялық отбасында туылдым. Ата-анам да, атам мен ә…

0
0
1567

“ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” 14 қыркүйектен бастап

Жақында Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Санжар Омаров режисерлік еткен “ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” трагикомедиясының жабық көрсетілімі өтті. Тұсаукесерге журналистер, блогерлер және кино саласының мамандары қатысқан болатын. Фильм 90 минутқа созылды. Соңында әдеттегідей түсірілім тобы мен режиссердің қатысуымен пресс конференция болды. Пресс конференция барысында көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жеке пікіріме келер болсам, бұл киноның ерекшелігі бастан-аяқ таза қазақша түсірілгендігінде дер едім. Кейіпкерлердің диалогтары жанды. Қазақ отбасыларындағы көп жағдайды көрсеткені байқалады. Әрине, келіспейтін де тұстарым бар. Дегенмен, әр адамның ойы әртүрлі екендігі ескеріп, жеке ойымды өзімді қалдыруды жөн көрдім. Фильмнің қысқаша мазмұны:Дариға отбасымен қаланың шет ж…

0
0
1856

Өмірдің кейбір сәттері

Еріктің балалық шағы Торғай даласында өтті, қалаға көшіп келгенге дейін қанша уақыт болса да туған жерін аңсайды да тұрады. Бірақ, кім шынында туған жерін өз еркімен тастап кетеді дейсіз? Тұрмыс тауқыметі оны да басқа жерлестері сияқты ауылынан кетуге мәжбүр етті. Көңілге медет ететіні жылына бір рет ауылына барып, туған жерінде аунап-қунап қайтады.Әріден бастайық, Ерік жас күнінен ілім-білімге жақын болды, әке-шешесі оның жоғары білім алуына жағдай жасады. Жалпы, сол уақыттағы үлкендер балаларының оқуға түскенін, білім алғанын қалайтын еді. Мектеп бітірген соң жұрт қатарлы қалаға кетті, қала болғанда Торғай өңірінің жастары Қостанай мен Целиноградқа (Ақмолаға) кетер еді, берісі Арқалық түсінікті, бірақ, ол отбасындағы педагогтар дәстүрін жалғастырғысы келмеді, кішкентайынан қозы-лақ арас…

0
0
795

Араға тағы да жылдарды салып...

Сүйікті қалам - Алматыдағы сенбі кеші. Күні кеше виртуалды өмірден алшақтау мақсатында инстаграм парақшамды өшіріп, шынайы өмірдің бар дәмін сезінуге қадам жасаған едім. Бәлкім, уақыт өте инстаграмның ар жағындағы адамдардың өмірі қызықтыруды қойған да шығар, бірақ жылдар бойы сәттерімнен жинақталған парақшамды қимағаным рас. Себебі ол жерде менің ойларым мен бояусыз шынайы өмірімнен жинақталған фото мен бейнелер тұғын. Солай ойға батып отырғанда Yvision есіме түспесі бар ма... Бұл жердегі аккаунттың құпиясөзі сақталған екен, үш жылды араға салып, қайта кіруім қиындық соқпады. Елдің көзіндегі және жасырылған жазбаларды оқып шықтым, ішімде керемет сезім, өткенге өкінішсіз. Керісінше, рақымшылдық күйімен, өткенге алғыс айтумен болдым. Мейлі, кейбір жазбалар меланхолиялы күйде жазылған болса…

0
0
723