Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 562 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қосқұдық ауылында мектеп ашылды

Күні кеше конституция күнінің қарсаңында Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында 100 орындық мектеп қолданысқа берілді.Бұған дейін оқушылар 1952 жылы салынған оқу ошағында білім алған. Мектеп "Халық игілігі" қоғамдық қорының қаржысына салынған. Оған 750 млн теңге ақша жұмсалған. 767 адам тұратын бұл ауылда 86 бала оқиды. Ал биыл 1-сыныпқа 5 оқушы қабылданбақ.Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі. Мұнда 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет бар. Мектепте 20 мұғалім қызмет етеді.Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты күнмен құттық…

0
0
529

Қоғамға пайдасы тиер саланы таңдадым

Еліміздің бас банкі келтірген ақпаратқа сүйенсек, цифрлық теңгенің енгізілуі – төлем және қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруы тиіс, оның ішінде офлайн төлемдер негізінде де.Ұлттық банк мамандарының айтуынша, цифрлық теңге ұлттық төлем инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі бола алады, өйткені ол программалау мүмкіндіктері мен офлайн төлемдердің жаңа функциясын қамтамасыз етуде тиімді құрал. Бұл функциялар, өз кезегінде, интернетке қосылу деңгейі тұрақсыз өңірлерде қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруға үлес қоспақ. Осы ретте, біз цифрлы валюта саласындағы үздік маман Туреканов Дәулет Айдарұлымен сұқбаттасқан болатынбыз. - Дәулет, алдымен өзіңіз туралы айтып өтіңізші. Сіз қайда дүниеге келдіңіз? Отбасыңыз туралы не айтасыз?-Есімім Даулет. Жиырма үш жастамын. Қызылорд…

0
0
414

Алматы хайуанаттар бағындағы пресс-тур қызықтары

Мегаполистегі зообақ қысы-жазы жұмыс істейді. Бүгінде бақта аң-құстың көптеген түрі бар. Осы ретте, жақында АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы зообағына барып, жануарлардың тыныс-тіршілігі мен қысқы күтім жайын біліп қайтқан болатынбыз. пресс тур аясында журналистер мен операторлар хайуанаттар бағының тұрғындарын жақыннан көруге, жануарлар қараушыларымен танысып, зообақтың даму перспективалары туралы ақпарат алды. Бүгінде Алматы хайуанаттар бағының коллекциясында 370-тен астам түрі бар 3900-ге жуық жануар тіршілік етеді. Биыл олардың қатарын ақ аю, үш гранта зебрасы, шимпанзе және амур жолбарысы және барыс толықтырған екен.Алматы зообағы 1937 жылы 7 қарашада ашылған. Биыл баққа 86 жыл толып отыр. Ашылған жылы-ақ бақта жануардың 70 түрі…

0
0
313

Tabiğat Labs жобасы туралы не білесіз?

Жуырда Алматыда «Шеврон» компаниясы мен Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестікте жүзеге асырып отырған, экологиясы саласындағы жобалардың бірегейі «Tabiğat Labs» тың тұсаукесері өтті. Шеврон компаниясының шарапаты отандық экономикаға салынған инвестициямен ғана өлшенбейді. Компанияның әлеуметтік жобаларының өзі бір төбе. Сондай жобалардың бірі - Tabiğat Labs.Tabiğat Labs – бұл қалалық экология және экологиялық мәдениет саласындағы өз жобаларын жүзеге асыратын ұйымдардың коалициясы. Tabiğat Labs жобасын "Шеврон" компаниясымен және Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестігімен құрылған жоба деуге болады. Сонымен қатар, Fading TSE, YEMAA, Алматы бас ботаникалық бағы, Impact Hub Almaty ұйымдар да жоба бірлестігінде. Жобаның тағы бір серіктесі: Makerspace Almaty. Аталған жоба қазірше Алма…

0
0
446

Сәуленің тағдыры (болған оқиға ізімен)

Сәуле үйдің кенже қызы, Өскеменде туған, отбасында бір ұл және екі қыз. Осында мектеп бітірді, кейін оқуға түсті. Ағасының дімкәстігі бар еді, ал, жалғыз апасы ерте тұрмысқа шығып, әуелден бөлек кетті. Кәрі әке мен анасын асырау оның міндеті болып қалды. Университет бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс істеп көрді, бірақ мандымады. Жалақысы аз және жоғары оқу орнын бітірген қызды кім бірден жақсы жұмысқа ала қойсын? Ата-анасы: «қызым жұмыс істемей-ақ қой, бақытты болуыңды ойла» деді. Дегенмен, кәрі әке-шешісіне ол жәрдемдеспегенде кім қарайды? Қысқаша айтқанда, 3 кісіні асырау бір өзінің мойнына жүктелді.Сөйтіп жүргенде құрбылас досы Самалды кездейсоқ кездестіріп қалды. Университетте бірге оқыған еді, кейін көрінбей кеткен. Самал сол кезден бері ой үстінде жүретін, дегенмен, ақжарқын, кі…

0
0
649

Атам - Әмірхамза Аянбайұлы туралы!

Біздің арғы аталарымыз Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіне арқау болған Сейітқұлмен бірге Хиуа ханынан қысымшылық көріп, Сейітқұлмен бірге 40 үйлі егінші кедейімен, Сейітқұлдың бастауымен Торғайға, одан әрі Қабырға өзенінің бір құйылысына – қазіргі Көкалат кеңшарының «Қорған тамы» деген жерден қоныс тиіпті. Сейітқұл Түркістанда көргенін істеп, келген бетте бидай, тары өсіріп, аяқ егін салып, шығырмен су шығарыпты.Біз сол Торы Қыпшақтың ішінде Қара деп аталатын руынанбыз.Қарадан: Мәзберлі, Көшкінші туады, енді Көшкіншіден 6 бала туады. Олар: Көшімқұл, Көшімбет, Тәңірқұл, Сырымбет, Құрманәлі, Құрмантай. Енді Сырымбеттен 4 бала, олар: Асан, Сегіз, Күшік, Түгел деген балалар, енді осының ішінде біздің атамыз Сегізден 8 бала туады. Сырымбеттің үлкен ұлы Бөрлібайдан біздің атамыз…

0
0
584

І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы төртінші күніміз.

Ұмытып барады екенмін ғой, Форум аясындағы сессия жұмысы аяқталған соң Кешкі гала ас берілген болатын. Алматы облысы әкімдігі бұл шараны да жақсы ұйымдастырыпты. Кешкі асымыз концерт дерсіз, жақсы ән мен күй тыңдап, рухани байып қалдық. 17 елден келген шетелдік қонақтар қазақ музыкасының сарынына елтіп, еріксіз ортаға шығыр, арты би алаңына айналып кетті.Табиғаттан ерекше қуат алған және Форум жұмысын аяқтаған біз жағажайдағы қонақ үйіміз ауласында тағы да поэзия кешін өткізіп, түнгі үшке дейін мәре-сәре болдық. Ал, таңғы бесте тұрып, Әуе шарлары шоуы қайдасың деп жиылып алып қала сыртына шығып кеттік. Әуе шарларының идеясы әрине, Каппадокиядағы шоуды елестетеді, тек біз барған кезде ауа-райына байланысты аспанға ұшу болмай қалды. Сөйтіп, қонақ үйге қайтып келген соң автобуспен Алматыға ж…

0
0
511

І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы үшінші күніміз

Алғашқы күні жеттік, қызықтадық, екінші күні табиғат аясына шықтық, ал, үшінші күніміз таңнан кешке дейін сессияларға бөлінген Форумның жұмысына арналды.Таңғы асымызды (және түскі асымызды) Алматы облысының әкімдігінде іштік, қызметкерлері аң-таң, біріншіден, бір дегенде әкімшілік ғимаратында 200 журналист жүр, және оның айқын басым бөлігі қазақ тілді журналистер. Ал, мені таң қалдырғаны әкімдік ғимараты болды. Осыған дейін әкімдік ғимаратының казино ғимараты болғанын оқығаным бар, дегенмен, көзбен көрген басқаша әсер қалдырады екен.Сонымен, І Халықаралық туризм және медиа форумы аясында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғ…

0
0
454

І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы екінші күніміз туралы

Талғар қаласындағы бірнеше қонақ үйден шыққан біздер – Форум қонақтары таңғы асымызды ішкен соң, 7 үлкенді-кішілі автобустарға отырып, жолға шықтық. Бұл күніміз Алматы облысының көрікті жерлерін аралаудан басталды. Әрине, Көлсай мен Шарын шатқалында бұрын да болғанмын. Сапардан бұрын шараны кімдер ұйымдастырып отырғанын айта кетейін, бірінші, жоғарыда айтылған, Түркітілдес журналистер қоры, екінші, орталық мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, сондай-ақ, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы орган – Алматы облысының әкімшілігі, сонымен бірге, демеушілер туралы да айта кету ләзім. Бірден айтайын 200 адамды басқару, оларға қызмет көрсету және алып жүру, орналастыру оңай шаруа болмаса керек, былтыр ғана ашылған о…

0
0
361

І Халықаралық медиа және туризм форумының бірінші күні туралы!

Белгілі тарихшы, мәдениет саласында табысты қызмет етіп жүрген қарындасымыз Мәдина Сабырдың Фейсбук парақшасынан І Халықаралық медиа және туризм форумы туралы ақпаратты оқып қалдым. Және ол шара Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өтеді екен. Біріншіден, мамандығым тарихшы және саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы болғандықтан түркі тілдес халықтар тарихы мен үшін қызықты тақырып, ол жөнінде әрқашан қалам тербеп жүремін. Тіпті, Украина майданы туралы жазсам да сол елдегі жер-су атауларынан аттап өте алмаймын. Ал, журналистикаға қатысты айтатын болсақ, біздің http://tobyl-torgai.kz/ атты өз сайтымыз бар, сонымен қатар, аталған бұқаралық ақпарат құралының Атқарушы директоры ретінде форум тақыбыры да менің қызығушылығымды тудырды. Ал, ең бастысы, туризм саласының сарапшысы, авторлық…

0
0
381