Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Еліміздің көп жерінде бүгін ауа райы жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-ына райы болжамын жариялады.

undefined

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

0
0
306

"Крокус Сити Холдағы" лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 144-ке жетті

Мәскеудің түбінде орналасқан Красногор қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 144-ке жетті.

Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың хабарлауынша, ауыр жарақат алған тағы бір адам ауруханада жатып көз жұмған.

Айта кетейік, бұл лаңкестік әрекет 22 наурыз күні кешке болды.

0
0
352

ОАР-да діни конференцияға бара жатқан 45 адам жол апатынан қаза тапты

Діндарларды Ботсванадан Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясындағы Пасхалдық конференцияға апара жатқан автобус көпірден құлаған.

undefined

Жол апатынан 45 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жартастар арасындағы көпірдің жақтауына барып соққан. Соның салдарынан көлік аударылып кетеді. Сосын ол өртенген.

Тірі қалған 8 жасар қыз екен. Ол әуе көлігімен ауруханаға жеткізілген.    

0
0
268

Жұмысы уақытша тоқтаған Ақтөбе әуежайын осыншалық деңгейде су басқан

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайын су басып жатқанын көрсететін видео тарады.

Өз аумақтарын осыншалық су басқанын әуежай әкімшілігі растап отыр. Ал бейнежазбадан ұшу-қону алаңының көлге айналып кеткенін байқайсыз.

Ақтөбе әуежайы ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылғанын бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
309

«Крокус» лаңкестеріне пәтерін жалға берген азамат қамауға алынды

Мәскеудің Басман соты «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекет бойынша сегізінші күдікті Әлішер Касимовты екі айға қамауға алды.

БАҚ-тың мәліметі бойынша, 32 жастағы Касимов – Қырғызстанның тумасы. Ол төрт лаңкеске пәтерін жалға берген. Ал лаңкестер баспананы терактіге дайындық жасауға пайдаланған.

Әлішер Касимов лаңкестік әрекетке дайындық туралы ештеңе білмегенін, тіпті пәтерінде қылмыскерлер тұрады деп еш ойламағанын айтқан. Ал баспананы жалға «Авито» сайты арқылы беріпті.

0
0
287

АҚШ-та автокөлік өтетін көпір құлады

АҚШ-тың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі опырылып түсті. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соның алдында ғана оған жүк көлігі келіп соғылған.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, оқыс оқиға салдарынан көпірден бірнеше көлік құлапты. Кем дегенде, жеті адам суға түсіп кеткен.

Әлеуметтік желіге салынған бейнежазбаға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында дәу кеме көпірге келіп соғылған. Содан өртеніп, суға батып кетеді.

MarineTraffic-тің мәліметі бойынша, көпірге соғылған 300 метрлік Dali контейнер тасығышында Сингапур туы болған. Ол Коломбоға (Шри-Ланка) қарай бағыт алған. Контейнер тасығыш Maersk ірі кеме қатынасы компаниясына тиесілі.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

0
0
260

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек финалға шықты

Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан  WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева.

undefined

Сурет: t.me/prokadrykz

Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 23 минутқа созылған.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 21 минутқа созылған. Бұл – оның спорт жолында WTA 1000 сериясы бойынша турнирлердегі үшінші ширек финалы.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен, ал Путинцева белорус Виктория Азаренкомен ойнайды.  

0
0
262

Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал қырылды

Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды.
undefined
Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген.

Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалынның тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.
ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

t.me/qr_tjm

0
0
367

«Крокустан» көптеген адамды аман алып шыққан бала марапатталатын болды

Қанды қырғын болып жатқан «Крокус Сити Холдан» 100-ден аса адамды аман алып шыққан 15 жасар Ислам Халилов Ресей мұсылмандарының «За заслуги» («Еңбегі үшін») төсбелгісімен марапатталатын болды.Марапатты 29 наурызда жұма намазы алдында Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы, мүфти Равиль Гайнутдин тапсырмақ.Қырғызстаннан барған отбасының баласы Ислам Халилов Красногордағы «Крокус Сити Холдың» гардеробында жұмыс істеген. Лаңкестік әрекет болған күні ол 100-ден аса адамды концерт залынан алып шыққан. Жасөспірім ол кезде төтенше жағдайға арналған нұсқаулық бойынша әрекет еткенін айтады. Ислам тығырыққа тіреліп, қайда қашарын білмей тұрған көпшілікке жол бастап, қызметтік есікті ашқан.Бұған дейін рэпер Моргенштерн оқушының отбасына миллион рубль жібергенін айтқан еді.Ислам – «Спартак» фу…

0
0
311

Тауда адасқандар табылды

Алматының құтқарушылары тауда жоғалған екі туристі бір сағатқа жеткізбей тауып алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2005 ж.т. екі жігіт ТЖД кезекшісінің пультіне жағдайлары туралы мәлімдеген болатын. Оқиға орнына келгеннен кейін, құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын көгерткенін анықтады.

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды.

0
0
250