Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек финалға шықты
Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева.

Сурет: t.me/prokadrykz
Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 23 минутқа созылған.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 21 минутқа созылған. Бұл – оның спорт жолында WTA 1000 сериясы бойынша турнирлердегі үшінші ширек финалы.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен, ал Путинцева белорус Виктория Азаренкомен ойнайды.
