Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Крокустағы» қанды оқиғаны ФҚҚ ұйымдастырғанына дәлел келтірілді

Ресейлік журналист Сергей Асланян «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекетті Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) арнайы жасақ жауынгерлері жасағанына сенімді. Ол «Телеканал Прямий» ютуб-арнасына берген сұхбатында соған дәлел келтіреді.«Бұлар – өз адамдарымыз. Яғни импорт емес, сырттан, шет елдерден алдырылған емес. ФҚҚ-ның қарауындағы адамдар. Неге ФҚҚ деп отырмын? Бұл мінсіз орындалған операция сияқты. Оған керемет жоспар құрылған. Соны арнайы жасақ үшін дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырған. Анау жұтаң кадрларды көріп отырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі ұрпаққа рахмет айтуымыз керек, олар өзі өлейін деп жатса да, телефонына түсіріп жатады. Сондай кадрларда үнемі лаңкестер жұп санмен болады: екі, төрт, алты... Неге? Өйткені бұл – жұптасып жүру тәсілі. Біреуі жүреді, екіншісі оны қалқал…

0
0
254

Астанада кран өртенді

Бүгін таңертең Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы - 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды. t.me/qr_tjm

0
0
280

«Крокус» бойынша күдіктілер сот залына азапталған күйде әкелінді

Мәскеудегі Басман соты наурыздың 24-інен 25-іне қараған түні «Крокус Сити Холл» концерт залында 22 наурызда болған лаңкестік әрекетке қатысты ұсталғандарды қамауға алды.Сот жабық жағдайда өтті. Күдіктілер - Далержон Мирзоев, Муродали Рачабализоде, Мухаммадсобир Файзов және Шамсидин Фаридуни.Журналистер олардың сот залына ұрып-соғылған күйде әкелінгеніне назар аударып отыр.«Мирзоевтің мойнында басына кигізген пластик пакеттің үзіктері қалған. Рачабализодені ұстау кезінде оның құлағын кесіп алған. Соттағы фотосуреттерде кесілген құлақ жағы көрсетілмейді. Судья екеуі де кінәсін мойындағанын мәлімдеді.  Мирзоев Новосибирскіде тіркелген екен. Жасы 32-де. Үйленген. Төрт баласы, соның ішінде 1 жарым жасар егізі бар. Рачабализоде де үйленген. Бір баласы бар.     Шамсидин…

0
0
257

Испанияда қазақстандықтар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті. Оларға криптовалютаға қатысты алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.

undefined

Сурет: banki.ru

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.

kaz.inform.kz

0
0
309

Шымкентте кейуана өз үйінде қамалып қалған

Шымкентте өз үйінде құлыпталып қалған зейнеткерге көмек берілді.

Кеше "112" қызметіне Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік жабылып, ішінде қарт әйел қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан жедел құтқару жасағының құтқарушылары есікті арнайы құралмен уақытында ашты.

0
0
329

Ақтөбе облысында 4 жасар бала үйінен 150 метр жердегі қардың суына тұншығып өлді

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында кішкентай бала еріген қар суына құлап, тұншығып өлді. Оқиға кеше түскі кезде болған.

«Еріген қар суы жиналған жерде екі бала ойнап жүрген. Сол кезде 4 жасар бүлдіршін шалшық суға құлап, тұншығып өледі. Екінші бала аман. Ол жердің суы терең емес, 15 сантиметрге дейін ғана. Ал жиналған су балалардың үйінен шамамен 150 метрдей қашықтықта болған», – деп хабарлайды Байғанин ауданының әкімдігіндегілер.

Бүлдіршіндер бір үйдің балалары емес. Бірақ әкелері айғайынды.

https://t.me/diapazonnews

0
0
394

Маңғыстау облысында бір үйдің жоғалып кеткен балаларын бүкіл ауыл болып іздеген

Маңғыстау облысындаға Форт-Шевченко қаласында бір үйдің балалары кеше ойнап жүріп жоғалып кеткен.

Оларды құтқарушылармен бірге ауыл тұрғындары да жабылып іздеді. "Маңғыстау облысының ТЖД-не 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012 ж.т, 2014 ж.т, 2018 ж.т. Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24.03. 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
370

"Крокус Сити Холл": қаза тапқандар - 133, зардап шеккендер - 152

Сонымен, соңғы мәлімет бойынша, Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқан адамдардың саны - 133, ал зардап шеккендер - 152. Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ "Крокус Сити Холлға" басып кіреді. 23 наурызда Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі осы лаңкестік әрекетке қатысты 11 адамның ұсталғанын хабарлады. Оның төртеуі концерт залындағы лаңкестік әрекетке тікелей қатысқан көрінеді. «Крокуста» оқ…

0
0
298

«Крокус Сити Холлдың» үйінділерін аршу барысында тағы да адам денелері табылды

«Крокус Сити Холл» концерт залыннадғы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 115-ке жетті.

Ондағы үйінділерді аршып жатқанда тағы да адам денелері табылған. Іздеу шаралары әрі қарай жалғасуда.

0
0
309