ШҚО-да құтқарушылар су тасқынының алдын алудың қамын жасауда
Олар өзендегі мұз ағынын бақылап жүр. 
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылар жасағы Катонқарағай ауданы Коробиха ауылының жанындағы Бұқтырма өзенін бақылауда.
Олар тәулік бойы су тасқыны жағдайының дамуын, мұз ағынын қадағалайды.
Бұл мониторинг жыл сайын кептеліс қаупі бар учаскелерде жүргізіледі. Құтқарушылар мен ЖАО күрделі учаскелерде осындай алдын алу жұмыстарын жүргізіп, су деңгейін бақылап жүр.
https://t.me/qr_tjm
