Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Жер сілкінісі Алматымен қатар тағы екі мегаполис пен бес өңірде сезілді

Түнде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде.Фото: әлеуметтік желіҚР ТЖМ хабарлауынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1. MPV магнитудасы 6.7. Эпиорталықтың координаттары 41.22° с. е. 78.65° ш. б. тереңдігі 5 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл.Сонымен қатар, Астана қаласында, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.ТЖМ дағдарысты жағдайларды басқару орталығының базасында төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіпте ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс жүргізуде. Бейнеконференцбайланыс режимінде қа…

0
0
238

Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді

Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті.Фото: facebook.com/Асхат ҚасенғалиТөтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.Ал тұрғындар шошып, далаға шығып кеткен.https://www.fac…

0
0
223

Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды.Фото: tengrinews.kz«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.Атырау облысында — 1 учаске «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 шақырымы, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы. Жетісу облысында — 1 учаске «Үшарал-Достық» жолының 84-184 шақырымы, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске «Атырау-Орал» 375-492 жолының шақырымы, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 шақырым. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 шақырымы, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 шақырым. «Атырау-Орал» жолының 189-371 шақырымы, Атырау облысы шекарас…

0
0
293

Ресейлік ғарышкер Астананы орбитадан тамашалады

Ол Қазақстанның бас қаласын жүрекке ұқсайды дейді.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы біздің елорданың орбитадан түсірілген фотосын көрсетті. Халықаралық ғарыш станциясының терезесінен түнгі астананы ресейлік ғарышкер Олег Кононенко түсіріп алған.

«Түнгі уақытта әр қала өзінше өзгереді: бірі түн жамылып «ұйқыға» кетсе, бірі жұлдыздан асып жарқырап тұрады. Қазақстанның астанасы соған мысал бола алады. Егер үңіліп қарасаңыз, қаланың кескіні шеңбердің ортасында тұрған жүрекке ұқсайды», – делінген «Роскосмос» жазбасында.

0
0
182

Владимир Рерих Германияда қайтыс болды

Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих Берлинде 67 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл суық хабарды марқұмның бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Фото: 365info«Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар,кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туғ…

0
0
207

Караокенің алдында таяқ ұстап төбелескен

Семейде жастардың караоке алдындағы жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған.

Оқиға 20 қаңтарда түнгі уақытта болыпты. Жастар төбелеске таяқ қолданған.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қолға түскен.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдар ұсталды. Олар уақытша ұстау қапасына қамауға алынды. Төбелескендер арасында қаза тапқандар жоқ», - дейді полицейлер.

Төбелестің видосын осы жерден көруге болады.

0
0
320

Италияда қолды алға көтеріп амандасуға рұқсат етілді

Италияда баяғы фашистер сияқты оң қолды алға көтеріп амандасуға рұқсат берілді.

Елдің жоғарғы соты осылай амандасуды және оны митингтерде қолдануды заңдастырып отыр. Тек бұл ишара қоғамдық тәртіпке қауіп төндірмеуі тиіс.

Қалай болғанда да, Ресей енді Украинаға араласқандай ресми Римнің де мынадай шешіміне қарсылық білдіріп, мұндағы жағдайды де реттеуге күш салуы керек сияқты.

0
0
256

«Емшек көрсету кеші болған ба?» Баянның мерейтойына барғандар оңбай сөз естіді

Кеше белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп тойлады.Жалпы, мерейтой керемет өтті деуге болады. Тек оған келген кейбір «жұлдыздардың» желі қолданушыларының сынына қалғаны болмаса. Жұртқа олардың киім киісі ұнамай қалыпты.Негізінен қазақи ортаға жақын болғандықтан шығар, Мәдина Сәдуақасова мен Жұлдыз Әбдукәрімова оңбай сөз естіген. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары жағымсыз пікірге толы.Жұрт Мәдинаға «Кеше емшек көрсету кеші болған ба? Бәрінікі «сен тұр, мен атайын» деп тұр ғой», «Іш киімді шатастырып сыртынан киіп алған ау деймін», «Омырау көрсетуден сайыс өткен сияқты. Келесі туған күнде төтен көрсетіп жарыспасаңдар болды» деп жазса, Жұлдызға «Енең, атаңның алдында көкірегіңді ашып жүргеніңді ұят көрмейсің бе? Төрт баланың анасы.... Не болып барамыз?», «Қанекей…

0
0
5198

Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды

Канвондода (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Илья Мизерных жеңімпаз атанды.

Ол бірінші секіргенінде үшінші орында болды. Мизерных екінші әрекеті арқылы алтынды қанжығалап отыр.

Күміс австриялық Никки Хамлаға, қола польшалық Лукас Лукащукқа бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындар тарихында алған алғашқы алтыны.

olympic.kz

0
0
209

Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасында жазылды.

Шұғыл іс-әрекеттердің 78-і өрттер мен жану оқиғаларына, 100-і іздестіруге, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.
Бұл жолы 19 адам құтқарылған және эвакуацияланған.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

ТЖМ Telegram-арнасына сондай төтенше оқиғалардың бірінде өрт-сөндірушілердің қандай жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео жүктелді.

0
0
297