Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Отандық өнім нарықты қамтамасыз етпек

Сапалы дүниеге әрқашанда сұраныс жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ғана «Ақ жол» ЖШС шығаратын шұжық өнімдері бәсекеге қабілетті. Өз өнімімен ішкі нарықты толықтай жаулап алған кәсіпкер болашақта Астана мен солтүстік өңірлерін отандық ет өнімдерімен қамтамасыз етпек, деп жазады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Оған толық мүмкіндіктері де бар. Кәсіпорынға қажетті шикізат, яғни етті өздері дайындайды. «Халал әрі дәмі тіл үйірер шұжыққа деген сұраныс қазірдің өзінде жоғары», - дейді серіктестіктегілер. Шағын шұжық цехы соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Польшалық мамандар жаңа құралдарды басқарудың қыр-сырын жергілікті жастарға толық үйретіп кетіпті. Ашылғанына жылға тола қоймаған кәсіпорын өніміне қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Кәсіпорын 13 түрлі шұжық шығарады. Қуатты…

0
0
705

Оралмандар мәртебесі мен азаматтық алуына жеңілдіктер қарастырылады — Д. Арғындықов

Оралмандар мәртебесі мен азаматтық алуына жеңілдіктер қарастырылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоні және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов баяндама барысында оралмандарды тартудың қолданыстағы жүйесінде орын алған кемшіліктерге тоқталған болатын. Оның айтуынша, біріншіден, қолданыстағы заңнамада көшіп келген оралмандардың қоныстануына қатысты қатаң талаптар қарастырылмаған. Бүгінгі таңда қоныстанатын мекенжайды оралмандар өздігінен таңдайды. Бұл республика аумағында шеттен келген этникалық қазақтардың жүйесіз қоныстануына әкеп соқтырып отыр. Екіншіден, елге әкелу процедуларын ж…

0
0
348

Мемлекет басшысы: Ұлттық банкке сенбейтіндей еш негіз жоқ

Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкіне сенетіндігін атап өтті.«Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі арандатулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. Біз оларды жауапкершілікке тартуымыз керек. Мен тағы да Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын мәселені ашық айтамыз», - деп тоқталған Президент, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу бағытындағы қабылданып жатқан шаралар жайында баяндағанын атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы түрлі алыпқашпа әңгімелерге емес, ресми тұлғалардың мәліметіне сенім арту керектігін айтты. Сөз соңында Е…

0
0
252

Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында (energo.gov.kz) «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің №67 бұйрығы жарияланды. Құжатта: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі заңының 7-бабының 15-тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бағаларына мемлекеттік реттеу бегіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға ҚҚС-ты есепке ала отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін: Дизель отыны - литріне 99 теңге; Аи-80 - литріне 89 теңге; Аи-92/93 - литріне 99 теңге», - деп жазылған. ҚазАқпарат Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика…

0
0
235

Алматы билбордтарында зообақ жануарларының суреті жарияланады

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ведомстволық мекемелерді жарнамалау науқанын жүргізбек. Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева айтты. Оның айтуынша, қалалық Мәдениет басқармасының төл жобасы қаладағы мәдени орындарды жарнамалауға арналған. Ең алдымен зообақ тұрғындарының суреті Алматы көшелерін безендірмек. Одан кейін цирк, ұлттық аспаптар музейі, қуыршақ театры жарнамаланады. «Адамдардың көпшілігі қазір бос уақыттарын сауда үйлерінде, кинотеатрларды өткізуді қалайды. Мұндай имидждік жарнама арқылы біз қаламызда түрлі мәдени мекемелер бар екендігін тұрғындар мен қонақтардың есіне саламыз. Әр кәсіпорынға бір жарнама агенттігі бекітіліп берілген. «Алматы жарнама», « РТС Деко» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қаламыздағы 300-ге жуық билбордта зообағымыздың сүй…

0
0
394

Қазақстанда тұңғыш жартылай синтетикалық мата өндіру фабрикасы ашылды

Индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдығы артта қалды. Ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші болып отырған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы осы уақыт аралығында Қазақстанның өндірістік қуатын арттырып, әлеуметтік ахуалын бір серпілтіп тастағаны анық. Жаңадан ашылған жобалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орнымен қамтуға септігін тигізді. Сондай кәсіпорындардың бірі - сапасы жоғары отандық мата шығаратын «Сәуле» тігін-трикотаж фабрикасы. Жаңа фабриканың іске қосылуына «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берген болатын. Жаңа өндіріс орнының алға қойған мақсаттары туралы «Сәуле» тігін-трикотаж фабр…

0
0
566

Астаналық 50 зейнеткер шаңғы жарысына қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаңғы сайысына 50 астам астаналық ардагер мен зейнеткер қатысты. Жыл сайынғы жарысқа қатысушылар биыл да спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Бес жыл көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл жарыс жақсы дәстүрге айналды. Бүгінгі сайыстың басты мақсаты - ардагерлер мен зейнеткерлердің денсаулығына көңіл бөлу. Өзіміз үлгі көрсетіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деді қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов. Шаңғы жарысына Астананың үш ауданының ардагерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы сайыста Людмила Старых көш бастады. Ал ерлер арасында бірінші орынды Леонид Антонов п…

0
0
334

«Адай» Құрманғазының күйі ме?

«Адай» күйінің шығу тарихының бірнеше нұсқасы бар. Бірде Құрманғазы Сағырбайұлы патша үкіметінен қашып жүріп, бір ауылға тап болады. Түскен үйінде ілулі тұрған домбыраны шертіп, қайта орнына қойыпты. Сәлден соң бір қыз бала келіп, домбырасын біреудің ұстағанына наразы бола отырып, күй тартады. Өзін танытпай тұрған Құрманғазы сол сәтте: «Шырағым, күйдің әсемін тарта ма десем, есерін тарттың ғой», - деп домбырасын сұрап алып, күйдің тарту үлгісін көрсетеді. Ақмаңдай есімді әлгі қыздың тартқан күйі «Адай», ал Құрманғазының орындағаны «Серпер» екен. Күй тарихының өзге де нұсқалары жайында не білеміз?

Бағдарлама көрсетілімінде Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай» күйінің орындалуы,  оның күй өнеріне әкелген қағыстары, жанрлары кеңінен түсіндіріледі.

0
0
11273

Мұхиттың «Ақиіс» әні кімге арналған?

Мұхит Мералыұлының көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. «Ақиіс» әні де солардың қатарында.

Мұхиттың ауылындағы дәурені жүріп тұрған Мұхтар байдың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Ауыл-аймаққа жомарттығымен, кеңпейілділігімен қадірлі болған ол тұрмысы нашар отбасыларына қарайласып тұрған деседі. Бір күні Мұхтар бай екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтар байдың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішесінің мазасын алып, дегбірін қашырады. Міне, осы кезде жоқтықты басынан кешіп отырған Мұхиттың үй ішіне Қырмызы бәйбіше аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Жас та болса, екінші әйелі Иіс шамасы келгенше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрыпты.

Кәсіби ұстаз, әнші Айгүл Қосанова шәкірттерге Мұхиттың жас тоқал Иіске арнаған «Ақиіс» әнін үйретеді.

 
0
0
1867

Алматыда онкологиялық науқастарды емдеудің жаңа әдісімен 20 адам емделіп шықты

Алматы Онкологиялық орталығында былтыр сәулемен емдеуді күшейткіш аппаратымен жүзеге асатын емдеудің жаңа технологиясы енгізілген болатын. Осы әдіспен бүгінде 20 адам емделіп шықты. Бұл туралы қалалық Онкологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Балтаев мәлім етті. «Алматы Онкологиялық орталығында қатерлі ісікті емдеудің замануи технологиясын енгізіп отырмыз. Өткен жылы сәулемен емдеуді мобильді күшейткіш аппаратын сатып алдық. Мұндай заманауи технология ТМД елдерінде жоқ. Аталған технология науқасты емдеу күндерін қысқартып, нәтижесін жақсартады. Оны сүт безі қатерлі ісігі интраоперациялық ота жасау кезінде қолдандық. Қазір 20 шақты адам емделіп шықты», - деді Нұрлан Балтаев. Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда әлемде жақсы нәтиже беріп отырған лапроскопиялық емдеу әд…

0
0
373