Алматы облысының әкімдігі мен жүйеқұраушы кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдарға қол қойды
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау мақсатындағы Алматы және Қостанай облыстарына жұмыс сапарлары жалғасты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Сапар барысында Б.Сапарбаев облыстардың өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты, еңбек ұжымдарымен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары кеңестерге қатысушыларға республика бойынша өңірлер әкімдері мен кәсіпорындар басшыларының арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасасу жөніндегі кең ауқымды жұмыстар баст…


